200417kaz 140417kaz Slide-Kulyash-Kaz 030317kaz 100217kaz 080217s-kaz


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 09 ақпанда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау» туралы мәселе бойынша Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.С.Әлиев хабарлама жасады.

 


5 институтуционалдық реформаларды орындау бойынша Ұлт жоспарының 30 қадамын іске асыру аясында 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады.
Жергілікті атқарушы органдардың ықпалының арқасында біздің облысымызда алғашқылардың бірі болып мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізіліп, ЖПҚ бастықтарының кандидатурасына қолдау білдірілді.
Жергілікті полиция қызметін құру және «Жергілікті полиция қызметі мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды жасақтау барысында Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан осындай полиция құрылымын құру тәжірибесі таяу және алыс шетелдерден жан-жақты зерделенді.
Сонымен қатар, дара басшылық және бағыныстылық қағидатын, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алудың жылдан жылға іске асырылып жатқан көп деңгейлі жүйесін сақтайтын біздің мемлекетіміздің бірыңғай құрылымы ескерілді.
Жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерін өзге функцияларды орындаудан босатудың нәтижесінде кейбір жұмыс көрсеткіштері елеулі түрде жақсарып, заңда көрсетілген тікелей тапсырмаларды орындауда оларды күшейтуге қол жеткіздік.

 

Ақтобе облысының аумағында барлығы 16.188 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9 пайызға (17.386) төмендеген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстың кейбір түрлерінің елеулі түрде төмендеуіне қол жеткіздік.
Зорлау қылмысы 30 пайызға (90-дан 63-ке дейін) төмендеп, ашылуы 87,5 пайызды құрады;
Тонау қылмысы 16 пайызға (524-тен 440-ке дейін) төмендеп, ашылуы 8 пайызға (45 пайыздан 53 пайызға дейін) өсті;
Бұзақылық қылмысы 42 пайызға (1612-ден 929-ге дейін) төмендеп, ашылуы 45 пайызды құрады;
Алаяқтық 9 пайызды (1384 тен 1254-ке) құраса, ашылуы 5 пайызды (72-ден 77-ге) құрады;
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру 3 пайыға (121-ден 117-ге) ашылуы 88 пайызды құрады;
Жол-көлік оқиғалар саны 15,8 пайызға (831-ден 699-ға) адам өлімі 31 пайызға (103-тен 71-ге) дейін төмендесе, жарақат алғандар саны 21,3 пайызға (1046-дан 823-ке) дейін төмендеді.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 4 пайызға (8070-ден 7763-ке дейін), көшелерде жасалған қылмыстардың саны 7 пайызға (4564-ден 4268-ға дейін), жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар саны 16 пайызға (117-тен 98-ға дейін) төмендеді.

Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы А.Б.Рыспаева хабарлама жасап Қағидаларға енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Сонымен қатар, «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы №391 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша облыстық мәслихат аппаратының басшысы Т.В.Айтқалиев хабарлама жасады.

Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізу жөнінде қаулы қабылдады.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28