• 140817

    2017 жылғы 14 тамызда облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 100817

    Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 070817-2

    Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

  • 070817-1

    Қонақ үй және көлік шаруашылықтар басшыларының қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өткізілді

  • 050717

    Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге Ақтөбе қаласындағы «Нұр сити» ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы, 41 разъездегі мектептің құрылысы нысандарында болды

  • 300617

    2017 жылғы 30 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жалпы отырысына етті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

 

2017 жылғы 08 ақпанда, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттыңқұрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегітұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, «Актюбгражданпроект» ӨК-нің, Ақтөбе қаласындағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

«Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен келешегі туралы» мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов хабарлама жасады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 2016 жылға арналған тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 478,9 мың шаршы метрді құрады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 616,6 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 115,0% құрады, соның ішінде:

Республикалық бюджет қаражатының есебінен тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үйлер.


Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында жалпы алаңы 40,0 мың шаршы метрді немесе 540 пәтерді құрайтын үш несиелік тұрғын үйдің (№18,36,38) құрылысы аяқталып, пайдалануға енгізілді.

Кредиттік тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 1079,95 млн.теңге көлемінде қарастырылған қаражаттар толығымен игерілді.

   Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы.

2016 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы алаңы 1,7 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (бұл Байғанин және Қарғалы аудандарындағы               1 және 2 пәтерлі тұрғын үйлер). Тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу 24 отбасыны жайлы пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кезекте тұрғандарға жалпы алаңы 2,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (бұл Шалқар, Қарғалы, Қобда және Ойыл аудандарындағы 1,2 және 8 пәтерлі тұрғын үйлер). Тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу 31 отбасыны жайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

   Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы.

2016 жылы Байғанин ауданында жалпы алаңы 0,564 мың шаршы метрді құрайтын 4 екі пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2016 жылы Ақтөбе қаласында жалпы алаңы 4,0 мың. ш.метрді құрайтын жатақхананың құрылысы басталды. Республикалық бюджеттен 610,212 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлініп, оның 561,8 млн.теңгесі игерілді (48,4 млн.теңге конкурстан үнем)

Жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен коммуналдық тұрғын үйлер.

2016 жылы Мәртөк ауданында жетім балаларға арналған отбасылық үлгідегі үйдің құрылысы жүзеге асырылды. Жалпы алаңы 229 шаршы метрді құрайтын отбасылық үлгідегі үй 2016 жылдың қазан айында пайдалануға енгізілді.

Коммерциялық тұрғын үйлер.

2016 жылға арналған пайдалануға беру жоспары 189,8 мың шаршы метрді құрайды, тұрғын үйлердің барлығы Ақтөбе қаласында шоғырланған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 289,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді, бұл 2522 отбасыны жайлы пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы.

2016 жылға арналған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары-255,0 мың шаршы метрді құрайды. Жыл қорытындысы бойынша жалпы алаңы 282,7 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер немесе 1828 пәтер пайдалануға енгізілді.

2016 жылы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында төмендегідей бағыттар бойынша тұрғын үйлер құрылысы жүзеге асырылды:

«Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы».

2016 жылы «КИК» АҚ Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылыс салушыларынан жалпы сомасы 8,5 млрд.теңгеге 51,6 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді немесе 804 пәтерді сатып алуға келісім шарт жасалған.

Сонымен бірге, өткен жылы «КИК» АҚ жалпы алаңы 22,0 мың шаршы метрді немесе 468 пәтерді құрайтын бір тұрғын үйдің құрылысы басталды. Нысанды 2017 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ бағыты бойынша (ЖАО құнды қағаздарды шығару жолымен) кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы».

2016 жылы ҚР Ұлттық қор қаражатының есебінен «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндгі жалпы алаңы 75,9 мың шаршы метрді құрайтын (1278 пәтер) 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Нысандар 2017 жылы пайдалануға енгізіледі.

Жалпы сомасы 4494,5 млн.теңгені құрайтын құнды қағаздарды шығару бойынша барлық рәсімдер орындалып, қаражаттар толығымен игерілді

«Коммерциялық құрылыс салушылармен МЖӘ қағидаты негізінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жүйесі арқылы тұрғын үйлер құрылысы».

2016 жылы «Нектар» өндірістік кооперативі «Батыс-1» тұрғын үй массивіндегі жалпы алаңы 20,4 мың шаршы метрді немесе 238 пәтерді құрайтын 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, нысандар пайдалануға енгізілді.

2016 жылы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының (50 жоба) құрылысына бюджеттік қаражаттар есебінен (РБ,НҚ,ҚРҮ,ЖБ) 10116,2 млн.теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді және толығымен игерілді. Жылдың қорытындысы бойынша 219,0 шақырымды құрайтын электрмен, газбен және сумен жабдықтау желілері пайдалануға енгізілді.

С.Т.Төленбергенов 2017 жылға міндеттерге тоқталды.

ҚР Премьер-Министрі және Ақтөбе облысы әкімі арасында жасалған меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздері есебінен 2017 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 500,0 мың шаршы метрді құрайды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 650,0 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» т/массивінде шағын қабатты кредиттік және облыс аудандарында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Кредиттік тұрғын үйлер жер участкесін және баспананы алу үшін кезекке тұрған азаматтар арасында «ТҚЖБ» АҚ арқылы іске асырылатын болады.

Сонымен бірге, «Нұр Ақтөбе» т/массивінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын бастау көзделген.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын дамытуға (35 жоба) 2017 жылы 7093,0 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлу қарастырылған. Жылдың қорытындысы бойынша 270,4 шақырым электр қуатымен, газбен және сумен қамтамасыз ету желілерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» екінші мәселе бойынша да хабарлама жасады.

Содан кейін аталған мәселе бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Смағұлұлы Алдияров хабарлама жасады.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасымен Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары әзірленген. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес әзірленді және жеке меншік территориясында орналасқан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың бау-бақша жер телімі, коммуналдық қызмет меншігіндегі бейіт жер телімдері және ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ескермегендегі,   барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.

Ақтөбе облысының елді мекенді аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсіп тұрған жасыл желектерді, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қала коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріндегі өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.

Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары бірнеше сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізу жөнінде қаулы қабылдады.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28