• 37 сессия

    2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 260719

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы

  • 190719

    2019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 36 сессия

    Сәрсенбі, 17 шілде күні облыстық мәслихаттың сессиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 35 сессия

    2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 34 сессия

    2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2019 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы».

Хабарламашы: Д.С.Аманов - облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

10 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатында Мясоедов сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұловтың төрағалығымен, облыстық мәслихаттың кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық департаменттер мен басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық мәслихатының хатшылары және бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде көптеген сұрақтар қаралып, оның ішінде; «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «2011-2015 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумақтық дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №332 шешіміне өзгеріс енгізу туралы», Хромтау ауданының Хромтау қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы», «2014-2018 жылдарға арналған аудан орталықтары мен тірек елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарлары және ауылдық округтердің орталықтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 03 сәуірдегі №207 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақтөбе облысын басқару сызбасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 18 маусымдағы №91 шешіміне толықтырулар енгізу туралы», Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сұрақтары бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева мәлімет етті.

 

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі №18 шешімінің орындалу барысы туралы» жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.А.Әмірғалиев ақпарат етті.

Облыстық, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Т. Төлебаева Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Өтеген Сейітов - прокуратура ардагері, республика прокуроры қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысушы «Қызыл жұлдыз», «І дәрежелі Отан соғысы», екі мәрте «Халықтар достығы» ордендерінің иегері, Женевада өткен кеңес Одағы делегациясының мүшесі болған. Ақтөбе қаласының «Мега Ақтөбе» ойын-сауық сауда кешенінің артындағы прокуратура үйінің ғимараты тұрған көшені атауын ұйғарды.

Депутаттармен баяндамашыларға сұрақ қойдып, басқада өзекті мәселелері талқыланды.
Сессия соңында облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов сөз сөйледі.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31