• 37 сессия

    2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 260719

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы

  • 190719

    2019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 36 сессия

    Сәрсенбі, 17 шілде күні облыстық мәслихаттың сессиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 35 сессия

    2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 34 сессия

    2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2019 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы».

Хабарламашы: Д.С.Аманов - облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

3 қыркүйек күні облыстық мәслихатта №9 Сейфулин сайлау округінің депутаты Қ.Н. Тоқтаровтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, комиссия мүшелері, депутаттар, облыстық басқармалардың басшылары, сонымен қатар аудандардың мәслихат хатшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі №18 шешімінің орындалу барысы туралы сұрағы қаралады.
Осы сұрақ бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев мәлімдеді.
Халықтың әлеуметтік осал санаттарын жұмысқа орналастыру үшін облыста 3799 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, Жастар жұмыссыздығын азайту мақсатында 2046 оқу орындарын бітірген түлектер үшін Жастар тәжірибесі ұйымдастырылды.


Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2014 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды құрады (ҚР – 5,1 %), 2014 жылдың 1 шілдесіне тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,2 % (ҚР – 0,6 %).
Аталған кезеңде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары 11272 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалынды (2012 жылы – 5131 адам, 2013 жылы – 6141 адам), соның ішінде: жұмыссыздар – 10385 адам, өз-өзін жұмыспен қамтығандар – 887 адам, оның ішінде аз қамтылғандар – 45 адам. № 5 көрме
2014 жылы 4 791,2 млн.теңге бөлінді, (республикалық бюджеттен – 4 102,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 689,2 млн.теңге).
Ағымдағы жылдың 1 тамызына Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушысы 4711 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалынды, оның ішінде жұмыссыздар – 50,2% (2367 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 49,8% (2344 адам), соның ішінде аз қамтылғандар – 5,7% (269 адам).
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және дәрігерлік амбулаториялар құрылысына 3 359,8 млн.теңге (республикалық бюджеттен – 2 670,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 689,2 млн.тенге) қаралып, 76 инфрақұрылым жобаларын іске асыру жоспарланды (66 нысандарды күрделі жөндеу және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу), онда 2126 жұмыс орындарын құру болжануда.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 688,1 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 тамызына 233 Бағдарлама қатысушыларына 416,5 млн.теңгеге шағын несие берілді (жылдық жоспардың 81,7%).
173 Бағдарлама қатысушылары кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды немесе жылдық жоспардың 100%-ы.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуғажәрдемдесу» аясында республикалық бюджеттен – 741,7 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 7 айында Жұмыспен қамту орталықтарымен барлығы 5707 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде:
- тұрақты жұмыс орындарына 3076 адам жұмысқа орналастырылды (53,9%);
- уақытша жұмыс орындарына 2631 адам жұмысқа орналастырылды (46,1%).
2014 жылы кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 361,7 млн.теңге бөлінді.

2014 жылы кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 361,7 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы кәсіптік даярлауды аяқтаған 518 адамның ішінен (331 адам оқуды а.ж. шілде айының екінші он күндігінде аяқтады), 158 адам жұмысқа орналастырылды немесе 30,5%-ы.
1167 жұмыссыз адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етілді, жоспар бойынша 1166 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 898 адамның ішінен, 560 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 62,4%-ы.
Білім беру мекемелері түлектерінің ішінен 727 жұмыссыз-жас түлек Жастар тәжірибесіне жіберілді, жылдық жоспар бойынша 817 адам немесе жылдық жоспардың 89,0%-ы.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, есепті кезеңде Бағдарламаның іске асырылуын қорытындылай келе, ағымдағы жылы облыс бойынша ЖҚЖК-2020 бағдарламасының іс-шараларымен жалпы саны 7052 адамды жұмылдыру жоспарланды, соның ішінде өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2180 адам, жұмыссыздар – 3864 адам, аз қамтылғандар – 1008 адам.
Ақтөбе облысында 2014 жылдың 1 тамызына мүгедектердің жалпы саны - 19639 адамды құрайды, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 2317.
Мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды жұмыспен қамтамасыз ету Картасына сәйкес 2014 жылы 1008 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, ағымдағы жылдың 1 тамызына 751 мүгедек жұмысқа орналастырылды, ол жоспардың 74,5%-ын құрайды. Жалпы жұмысқа орналасқандардың санынан, мүгедектерге арналған 3%-дық квота бойынша 380 адам жұмысқа орналастырылды немесе жалпы квоталанған жұмыс орындардың санынан 63,3 %
2014 жылдың 1 тамызына осы Ережелерге және мәслихаттардың басқа да шешімдеріне сәйкес, 72 мың азаматқа 976,9 млн. теңге көлемінде 23 түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді.

Кеңейтілген отырыстан соң, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлованың төрағалығымен «Депутаттарды құқықтық оқыту» отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жергілікті өкілді және атқарушы органдардың міндеттері» сұрағы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев хабарлама жасады.
А.А. Әмірғалиев депутаттарға Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдiн заңының тармақтарын толық түсіндіріп өтті.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30