• 120719

    2019 жылғы 12 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 35 сессия

    2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 280619

    Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270619

    Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 240619

    Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 34 сессия

    2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Өткен жұма күні облыстық мәслихаттың экология және табиғат пайдалану, аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы болып өтті

Комиссиялардың жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов, басқармалар мен департаменттердің басшылары, құқық қорғау органдарының, жерасты қазба байлығын пайдаланушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссиялардың мәжілісінде екі мәселе — облыстың атмосфералық ахуалын жақсартуға және мал шаруашылығын дамытуға байланысты мемлекеттік органдардың жүргізіп отырған жұмыстары қаралып, талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов хабарлама жасады. Ол өзінің сөзінде қала мен елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететін елеулі шаралардың жүзеге асырылғанына нақты мысалдар келтірді. Мәселен, аудан орталықтары мен ауылдардың газды тұтынуға көшуі ауа мен қошаған ортаны ластайтын көмір, шикі мұнай сынды дәстүрлі отындардан бас тартуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс алда да жалғаса бермек, тек 2014 жылғы газдандыру бағдарламасы бойынша 120 шақырым газ құбыры желісін тарту қарастырылған. Осы арқылы 16 мың адамның газды тұтынуға қолы жететін болады. Сондай-ақ, «Солтүстік айналма» автомобиль жолының іске қосылуы Ақтөбе қаласында ауаның тазаруына жағдай жасап, қаланың орталық бөлігіндегі жүк тасымалын көп жеңілдетті. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұзақ жылдар бойы ауаны ластап келгені белгілі. Осында №4 цехтың — іс жүзінде жаңа зауыттың іске қосылуы қоршаған ортаны елеулі түрде жақсартады деп күтілуде.
Ауаны ластаған табиғат пайдаланушылардан тікелей қаржы өндіріп алу сынды экономикалық тетіктердің енгізілуі де қоршаған ортаның қалыпты сақталуына қызмет ететін ықпалды шара екенін көрсетті. Өткен жылы экологиялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында, департамент арқылы 360 тексеру жүргізіліп, 6,71 млрд. теңгеге 141 талап қойылды.
Мәселені талқылау барысында тұрақты комиссия мүшелері — депутаттар айтарлықтай белсенділік көрсетіп, тек қала ғана емес, аудандардың орталықтарындағы экологиялық жағдайды таза сақтау мәселелерін де көтерді. Қоршаған ортаның қалыптылығына қазіргі кезде аудандарда да қауіп төніп отыр. Қоқыс сақтайтын полигон төрт ауданда ғана бар. Қалған аудан орталықтарында бұл маңызды жұмыс қалай жүргізілмек? Қаржы мәселесі қалай шешіледі? Департамент басшысы мен тұрақты комиссия мүшелері осы сауалдарға бірлесіп жауап іздеді, құнды ұсыныстар айтылды.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлімжан Үсенғалиевтың, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің басшысы Жайдар Құрмановтың хабарламалары да тұрақты комиссияның күн тәртібінде қаралған экология мәселесін жан-жақты толықтырды.
Тұрақты комиссиялардың отырысында қаралған екінші мәселе бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұхтар Жұмағазиев хабарлама жасап, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға байланысты мемлекеттік органдар атқарған жұмыстардың жайын баяндады. Биылғы жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 45 тұлғаның тіркелуі, жыл сайын асыл тұқымды мал өсіретін зауыттар мен шаруашылықтардың тауар өндірушілерге асыл тұқымды 450-500 ірі қара, 3500-4000 қой және 150-200 жылқы төлін сатуы көп жайттардан хабар берсе керек.
Тұрақты комиссиялардың мүшелері осы күні Ақтөбе облысында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша облыстың төтенше жағдайлар департаментінің жұмыстары туралы да мәселе қарады. Бұл мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Абай Байжомартовхабарлама жасап, аймақта өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларының кейінгі жылдары жақсара түскенін мәлімдеді. Өткен жылы дала өртіне жол берілмеді, бұған дейін болмай келген 16-25 қабатты көпқабатты үйлерді өрттен қорғайтын жабдықтар алынды.
Депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарының қорытындысымен тиісті қаулылар қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30