• 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 38 сессия

    2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 200919

    2019 жылғы 16 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919-2

    2019 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919

    2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті

  • Послание Президента

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Шығып қалған депуттататрдың орнына маслихат депуттаттарын сайлау комиссиясы туралы

Бүгін, Күнбаева Г.Н. төрағалық еткен семинарға аумақтық және участкелік комиссияларының төрағаларымен хатшылары, саяси партияларының өкілдері, мәслихат депутаттығына кандидаттар, сенімді тұлғалар және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Конститукциялық заңының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» 4 тармағының 101 бабына сәйкес мәслихат депутаттарының сайлауы, 6 сайлау округі бойынша өтеді.

2014 ж. 30 науырызында, сайлау күні облыстық және қалалық мәслихатқа 1 депутаттан, Айтеке би ауданына 2 депутаттан, Хобда және ойыл аудандық мәслихаттарына 1 депутаттан сайланады.
Облыстық Сайлау науқанында 5 аумақтық, облыстың мәслихаынан-1 қалалықтан -1, аудандық мәслихаттарын сайлау бойынша 4 округтік, сайлау комиссиясы қатысты. Облыс бойынша, сайлау комиссиясынан сайлау науқанына барлығы 252 мүше қатысып отыр.


Кандидаттарды ұсыну жұмысы 5 ақпаннан 28 ақпанға дейін созылды. Ұсынылған адам саны 20. Жетеуі – саяси партиядан, біреуі – қоғамдық бірлестіктен, он екі адам – өзін –өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 17 ер адам, 3 әйел адам.
Орта жастары 43 - те, жоғары білімі барлары 95 % құрайды.
5 науырызда тіркелу мерзімі аяқталды. Кандидат болып тіркелген адам саны 15 -ке жетті.
5 кандидат
Керекті құжаттарды уақытында тапсырмағандықтан, 5 кандидат жекек өтініші бойынша тіркелу рәсімінен өтпей қалған.
Сөйтіп, тіркеуден өткен кандидаттар арасында; 7 саяси партия мүшесі, 5 – партияда жоқ, 3 - партияға қатыстылығын атамады, 12 ер адам, 3 әйел адам, 4 кандидат білім беру жүйесінің жұмыскерлері, 2 кандидат шаруашылық қожаайындары, 2- денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейді,1- мемлекеттік қызметкер,1- Ақ Жол партиясының төрағасы, 1 - кәсіпкерлер палатасының басшысы, 1- Темір Жолдан, 2- кәсіпкер, 1- зейнеткер.
6 науырыздан бастап, депутаттарға кандидаттар 28 науырыздың 24 сағатында аяқталатын , сайлау насихатына кірісті.

Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы, қатысушыларды сайлау насихатының ережелерімен құқықтарымын таныстырды.

Сайлау күнінде барлық 25 сайлау участкелерінде саяси партия атынан 1 байқаушы адам қатысуы құқылы
Г.Күнбаева, барлық қатысушылардан, ҚР Конститукциялық «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» заңының ережелерін сақтап ұстануын сұрады.