• 110122

    Облыстық мәслихат депутаттары тұтынушылар құқығын қорғау, жер заңнамасын сақтау және мәдени орталықтардың мәселелерін талқылады

  • 6 сессия

    Облыстық мәслихат депутаттары қаланың кейбір бөліктерін қайта атау, қаланың әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялау, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы мамандарының лауазымдық жалақыларын арттыру мәселелерін қарап, талқылады

  • 231221

    Ақтөбеде жаңа футбол командасы құрылуда, ол екі айдан кейін екінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр

  • 161221

    Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде, 15 желтоқсанда, Байғанин ауданының тумалары, облыстық мәслихат депутаты, "Bazis Group KZ" ЖШС құрылтайшысы Естай Сисенбаев пен Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова аудан орталығындағы өздері оқыған мектептердің 11 сынып оқушылары арасында математикадан олимпиада ұйымдастырды

  • 131221

    ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қарғалы және Байғанин аудандарының 100-ден астам тұрғыны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай марапаттарға, мерейтойлық медальдарға ие болды

  • 091221 сессия

    Кезекті сессияда облыстық мәслихат депутаттары облыстық бюджетті бекіту, өңір аумағын дамыту, спорт және денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларын өзгерту, облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары, Ақтөбенің субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін қамтитын 29 мәселені қарады

  • 071221

    Депутаттар тиімді коммуникациялардың практикалық дағдыларын дамытуды үйренеді

 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты.

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №132 өкімімен бекітілген, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі;
Пошталық мекен-жайы: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 204 бөлме,
Электронды пошта мекен жайы: maslixat@mail.ru
Анықтамалар үшін телефондар: 56-37-13 және 56-44-75.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы «26» қаңтар - «08» ақпан аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақтөбе облысының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған болмауы;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:
1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайларда.
Сонымен бірге, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алатынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы - 30 мүшеден тұрады, оның 5-еуі мемлекеттік органдардан және 25-і коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан құралады.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 204 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде.

 

 

Қызметтегі жаңа технологиялар

1711-1Облыс әкімінің орынбасары, депутаттар мен қоғамдық белсенділер полицияның сервистік моделі қалай енгізіліп жатқанын және халыққа жаңа әдіс бойынша қызмет көрсетілетінін білді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, облыстық мәслихат депутаттары Талғат Салфиков, Құдайберген Бекенов, Естай Сисенбаев, Алтынбек Әмірғалиев, Облыстың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев өткен сейсенбі күні облыстық ПД барды.
Мұнда олар Мемлекет басшысы ішкі істер органдары мен ішкі істер министрлігінің алдына қойған полицияның сервистік моделін енгізу және өңірде цифрландыруды дамыту жөніндегі міндеттердің іске асырылу барысымен танысты.


Облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қанат Әлиев қонақтарға облыстағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы айтып, ІІМ жүйесінде қазір қандай реформалар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.
- Осыған байланысты облыстың ПД ұйымдық-штаттық құрылымды оңтайландыруды жүргізді, полиция қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жақсарды, - деп атап өтті полковник. - Бастапқы кезеңде біз 287 штаттық бірлікті қысқарттық, 26 басшылық лауазымды, сондай-ақ артық басқару буындары мен лауазымдар таратылды.
Сонымен қатар, патрульдік қызметтің 500-ге жуық қызметкері сержанттардан офицерлерге ауыстырылды, бұл олардың жалақысын арттыруға мүмкіндік берді. Қанат Әлиев түсіндіргендей, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін қызмет көрсету аумағында тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы төленетін лауазымдар тізбесі кеңейтілді.
Биыл Ақтөбеде 5 стационарлық полиция бекеті орнатылды, онда азаматтар тәуліктің кез келген уақытында барлық сұрақтар бойынша жүгіне алады. 5 жыл ішінде 12 стационарлық модульдік бекет және 16 учаскелік полиция пунктін салу жоспарланған.
Облыс ПД алдына қойылған міндеттердің бірі-полиция бөлімшелерінің үй-жайларында, атап айтқанда арнайы мекемелерде, азаматтарды уақытша ұстау бөлмелерінде, қаруды сақтау және беру бөлмелерінде, кезекші бөлімдерде, ішінара тергеушілер мен анықтаушылардың кабинеттерінде жаппай бейнебақылау енгізу. Бүгінгі таңда 979 бейнекамера орнатылған.
Баяндамадан кейін қонақтар "Омниканальдылық" жүйесі жұмыс істейтін жедел басқару орталығының жұмысымен танысты (телефондағы қосымшаның көмегімен қылмыстар мен оқиғалар туралы бейне хабарлама жіберуге болады). Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері "Азаматтарға арналған қабылдау" жұмысымен танысып, учаскелік полиция пункттерінің бірінде болды.
Қонақтардың бірі, облыстық мәслихат депутаты Талғат Салфиков жаңа форматта құрылған полиция департаментіне барып, Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінен алған әсерімен бөлісті.
- Мен үшін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің басқа мәселелеріне жетекшілік ететін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде, полицияға енгізілген және халыққа қызмет көрсетуді жеңілдету үшін жұмыс істеп жатқан жаңалықтармен танысу өте маңызды болды, - деп бөлісті депутат. - Құқық қорғау органдарының жұмысына жаңа технологиялар енгізіліп жатқаны қуантады.
Кездесу соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров полиция өкілдеріне жергілікті атқарушы органдар құқық қорғау органдарына озық техникалық құралдармен жабдықтау бойынша жан-жақты көмек көрсетуге әрқашан дайын екендігін жеткізді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі