• Субботник

    60-тан астам депутат, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және "Қазхром ТҰК" АҚ жас жұмыскерлері Тұңғыш Президент саябағына сенбілікке шықты

  • 260321

    2021 жылғы 26 наурызда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

  • 170321 Музей

    Облыстық мұражайда "Алтын адам» атты ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп, "Рухани жаңғыру – Ұлттың ұлы мұраты"атты дөңгелек үстел өткізілді

  • 170321

    2021 жылғы 17 наурызда ҚР Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн режимінде отырысы өтті

  • 040321

    2021 жылғы 4 наурызда сағат 15-00-де Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  • 030321

    2021 жылы 3 наурызда облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен қоғамдық кеңес төралқасының отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Онлайн режимінде отырысы өтті

  • Облыстық мұражайда ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп және дөңгелек үстел өткізілді

  • Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия кеңейтілген отырысы

Баспасөз хабарламасы

am0103kazОблыстық мәслихаттың жаңа 7-шақырылымының депутаттары «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында болып, журналистермен кездесті.

Депутаттар тобы «Ақтөбе Медиа» ЖШС-де медиахолдингтің жұмысымен танысып, музей экспонаттарын аралап, журналистер ұжымымен кездесіп, заң шығару органы мен БАҚ-тың ортақ жұмысын талқылады.

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, депутаттар Сұлупан Шынтасова, Алтынбек Әмірғалиев, Асқар Садықов және Евгений Лазарчук облыстың бас баспаларында қонақта болды.


Медиахолдинг директоры Раукен Отыншин қонақтарға музей экспонаттарын көрсетіп, ескі газеттердің тарихына шолу жасады. Депутаттар тобы тілшілердің кабинеттерінде, дизайн және орналастыру бөлімдерінде болып, басылым органдарының «асханасымен» танысты.
Медиахолдингтің конференц-залында газет ұжымымен өткен кездесу барысында мәслихат хатшысы жылы лебізін білдіріп, журналистерді Алғыс айту күнімен құттықтады.
Амангелді Нугманов:
-Сіздердің газеттеріңіз өңірдің маңызды хабарларын ғана емес, мемлекеттік органдардың жасаған жұмысын көрсетеді, ал депутаттар өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы үшін және облыстың өзекті мәселелерін шешу үшін өңірдің бюджетіне енгізілетін өзгерістерді талқылап, шешімдер қабылдайды. Сондықтан қазіргі таңда БАҚ пен депутаттардың ортақ жұмыс жасауы өте маңызды екендігін атап өтті.

Депутаттар айтылған ұсыныстарды құптап, медиа-орталықтың ұжымына жылы тілектерін айтты.
«Ақтөбе Медиа» ЖШС басшысы Раукен Отыншин қонақтарға сапарлары үшін рахмет айтып, депутаттардың ұсынысын қолдап, «Ақтөбе Медиа» төсбелгілерімен марапаттап, медиахолдингтің жаңа газеттері мен журналдарын сыйлады.