• Субботник

    60-тан астам депутат, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және "Қазхром ТҰК" АҚ жас жұмыскерлері Тұңғыш Президент саябағына сенбілікке шықты

  • 260321

    2021 жылғы 26 наурызда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

  • 170321 Музей

    Облыстық мұражайда "Алтын адам» атты ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп, "Рухани жаңғыру – Ұлттың ұлы мұраты"атты дөңгелек үстел өткізілді

  • 170321

    2021 жылғы 17 наурызда ҚР Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн режимінде отырысы өтті

  • 040321

    2021 жылғы 4 наурызда сағат 15-00-де Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  • 030321

    2021 жылы 3 наурызда облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен қоғамдық кеңес төралқасының отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Онлайн режимінде отырысы өтті

  • Облыстық мұражайда ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп және дөңгелек үстел өткізілді

  • Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия кеңейтілген отырысы

Баспасөз хабарламасы

2session-kaz2021 жылғы 24 ақпанда «NurOtan» партиясынан депутат Сұлупан Панақызы Шынтасованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының жалпы отырысы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдеріқатысты.
Сессияда депутаттар облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №574 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы күн тәртібінің басты мәселесін талқылады.


Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаеваның баяндауынша, бюджетті нақтылау шеңберінде құрылысқа, қосымша қаражатты талап ететін іс-шараларға, жалпы сомасы 18 059,8 млн. теңгеге орташа және күрделі жөндеуге қаражат көзделген.
- Бюджетті нақтылау негізінен жыл басындағы қалдық пен түсімдердің (әкімшілік айыппұлдар, ЖТС және әлеуметтік салық), сондай-ақ ішкі резервтердің ұлғаюы есебінен болды, - деп нақтылады баяндамашы.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 13 863,8 млн.теңге бөлу қарастырылған. Даму бюджетінің бағдарламалары бойынша 4 196 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлу ұсынылады.
Құрылыс басқармасына 1110,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат 3 ауысымды және апатты мектептердің санын қысқартуға, Мұғалжар, Ырғыз және Қобда аудандарында 4 орта мектеп салуға мүмкіндік береді. 4 спорт залының, Ақтөбе қаласының мектептеріне арналған 7 қосымша құрылыстың, «Білім инновация» лицей-интернатына арналған 300 орындық интернаттың және Қобда мектеп-гимназиясының құрылысына 13 ЖСҚ әзірленетін болады. Темір ауданының Саркөл орта мектебі үшін спорт залы, Алға ауданының Есет батыр ауылында дәрігерлік амбулатория салынатын болады. Сондай-ақ, Әйтеке би ауданындағы Хан моласында шырақшыларға арналған үй салу, Әйтеке би ауданында клуб ғимаратын және Алға ауданында мәдениет үйінің шатырын қайта жаңарту жоспарлануда. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы 4 үйдің құрылысына және Әйтеке би, Қарғалы, Ойыл және Хромтау аудандарында 5 жалға берілетін үйдің құрылысын бастауға қаражат бөлу қарастырылған.
Бұдан басқа, жалпы сомадан облыстық энергетика және ТКШ басқармаларына - 2 523,4 млн.теңге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына - 599,2 млн. теңге, білім беру басқармаларына - 3 005,2 млн. теңге, денсаулық сақтау басқармаларына - 9,4 млн. теңге, мәдениет басқармаларына - 591,1 млн. теңге, спорт басқармаларына - 800 млн. теңге, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларға - 28,6 млн. теңге, ауыл шаруашылығына - 4 423,2 млн. теңге, табиғи ресурстарға - 387,2 млн. теңге, қаржы - 4 618,4 млн. теңге, полиция департаментіне - 121,0 млн. теңгежәнет.б. қаражат бөлу көзделді.
Басқа шешімдердің қатарында - мониторинг және бақылау орталығын сүйемелдеу бойынша қызметтерге цифрлық технологиялар басқармасына 167,7 млн. теңге бөлу ұсынылды.
Сондай-ақ, сессияда Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізілді, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Шығанақ Берсиев есімін беру жөнінде ұсыныс енгізілді, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, ведомствоаралық сипаттағы комиссиялардың жеке құрамын өзгерту мәселелері қаралды: құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, терроризмге қарсы комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, жер комиссиясы және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі депутаттық тобы тіркелді, облыстық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар, аппараттың құрылымы мен штат кестесі бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының

баспасөз қызметі