• 010321

    Облыстық мәслихаттың жаңа 7-шақырылымының депутаттары «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында болып, журналистермен кездесті

  • 260221

    Ағымдағы жылдың 26 ақпанында сағат 16.00-де аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

  • 2 сессия

    2021 жылғы 24 ақпанда «NurOtan» партиясынан депутат Сұлупан Панақызы Шынтасованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 220221

    Депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 180221

    2021 жылғы 18 ақпанда сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

  • 170221

    2021 жылғы 17 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Видео


Ақтөбе облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясы

Ақтөбе облыстық мәслихатында комиссияларының отырыстары өтті

2901-12021 жылдың 27 қаңтарында Ақтөбе облыстық мәслихатында, депутат Шинтасова Сұлұпан Панақызы төрағалық еткен «Бюджет, экономика, өндіріс және кәсіпкерлік комиссиясының» және депутат Есеркепов Амангелді Қабашұлының төрағалығымен «Әлеуметтік – мәдени даму бойынша комиссиясының» отырыстары өтті.
Отырыс барысында өңірдің экономикалық жағдайы,оның әлеуметтік-мәдени дамуы, облыстағы өндіріс пен кәсіпкерліктің жағдайы, оны дамытуға бағытталып жатқан жоспарлар мен шаралар қатары қаралды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері тарапынан аталған бағыттар бойынша түрлі ұсыныстар айтылып, көрсетілген мәселелерді шешу жолдары мен қоса өңірдің оңды қырларын дамыту тәсілдері қарастырылды.
Жоғарыда аталған тұрақты комиссия жұмыстарына облыстық мәслихат хатшысы Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы өз ойын ортаға салып, пікірімен бөлісті.