• Субботник

    60-тан астам депутат, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және "Қазхром ТҰК" АҚ жас жұмыскерлері Тұңғыш Президент саябағына сенбілікке шықты

  • 260321

    2021 жылғы 26 наурызда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

  • 170321 Музей

    Облыстық мұражайда "Алтын адам» атты ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп, "Рухани жаңғыру – Ұлттың ұлы мұраты"атты дөңгелек үстел өткізілді

  • 170321

    2021 жылғы 17 наурызда ҚР Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн режимінде отырысы өтті

  • 040321

    2021 жылғы 4 наурызда сағат 15-00-де Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  • 030321

    2021 жылы 3 наурызда облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен қоғамдық кеңес төралқасының отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Онлайн режимінде отырысы өтті

  • Облыстық мұражайда ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп және дөңгелек үстел өткізілді

  • Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия кеңейтілген отырысы

Баспасөз хабарламасы

281020ruskaz2020 жылғы 26 қазанда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Есіркепов Аманкелді Қабашұлының төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты.


Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Ақтөбе облысының еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету туралы. Аталған мәселе бойынша Б.О. Елеусінова жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы хабарлама жасады. 2020 жылдан бастап оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ғана жүзеге асырылады. Егер әлеуметтік келісімшартқа қол қойған жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тартса, ол оқуға жұмсалған қаражаттың құнын өтейді. Пандемияға байланысты Еңбек министрлігінің келісімі бойынша қысқа мерзімді дайындық жоспары 756 адамға дейін 135,2 млн. теңге сомасына төмендеді. Қалғаны 435 адам үшін 241,4 млн.теңге сомасына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттарға және 13,0 млн. теңге «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны» жаңа жобаларына қайта бөлінді. Бүгінгі күнге аталған жобаларға 47 адам жолданды, оның ішінде «Ұрпақтар келісімшартына» – 11 адам, «Бірінші жұмыс орнына» – 36 адам. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін. Оқытудың орташа мерзімі 3 айды құрайды. Қысқа мерзімді оқыту жүзеге асыруға (тігінші, аспазшы, дәнекерлеуші, слесарь, кондитер, тракторшы-машинист, электрик, қазандық операторы және т.б.) 30 жұмысқа орналастырылатын мамандықтардың тізбесі қалыптастырылды.
Оқуға 758 адам жіберілді (100,3%). Оқуды 229 адам аяқтап, оның ішінде 199 адам кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастырылды (87 %). Оқыту колледждерде және жұмыс берушілер жанындағы оқу орталықтарында жүзеге асырылады. Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды іске асыру шеңберінде 41 білім беру ұйымы анықталды.
Осы мәселе бойынша білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Л.Бертілеуова хабарлама жасады. Кадрларды даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие 100 мамандық пен 148 біліктілік бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру барысында мамандарға қажеттілік қосымша өңірдің жұмыс берушілерінің сұранысы негізінде жинақталды. 2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 4833 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Облыстық бюджеттен 3342 орын, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1085 орын бөлінді.

281020in

Бөлінген мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес,ағымдағы жылы техникалық мамандықтар,білім, медицина, ІТ, ауылшаруашылығы саласына бөлінген орын саны артты. 2020 жылға 2 млрд. 5 млн 234 мың теңге бөлінді. Стипендия төлеуге 775 млн.835 мың теңге (21 787 теңге өсуіне орай), ыстық тамақ 241 472,7 мың теңге (күніне 350 теңге, 2 970 студент), демалыс кезеңінде жеңілдікпен жол жүруге 8 млн.525 мың теңге (2 АЕК – 5 302 теңге), оқуға 979 400,7 мың теңге (бір білім алушыға айына 27 480 теңге).
Келесі мәселе бойынша Ақтөбе облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы, Ақтөбе облысының полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары А.Қ.Сәрсенбаев және дін істері басқармасының басшысы Ә.Ж.Тұралиев хабарлама жасады.
Депутаттар А.Қ.Есіркепов, Д.А.Довматенко, К.Кенжебаев, Т.Ж.Талаева, С.В.Вишняк аталған мәселелерді қарауға белсене қатысып, өз ескертпелерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.