• 1 сессия

    Облыстық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарда өтті

  • 47 сессия

    2020 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 181120

    Депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 171120

    Депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 051120

    Депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 281020

    2020 жылғы 26 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Баспасөз хабарламасы

2310kaz2020 жылғы 22 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы», облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тлеумұратов хабарлама жасады.

БЖК-2025 бағдарламасы кәсіпкерлік субъектілері арасында сұранысқа ие, қолда бар құралдар кредиттердің нарықтық мөлшерлемесін арзандату, банктердегі кепілдіктерді қамтамасыз ету, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және т. б. бойынша мүмкіндіктерді ашады. Нәтижесінде, облыс экономикасы үшін көптеген табысты және тиімділігі жоғары жобалар іске асырылуда. Мысалы: индустриялық аймақтағы жобалар-Зерде-Керамика ЖШС, Вега-Жиһаз ЖШС, Интерстиль, СтройбетонСнаб ЖШС, ТКФарм ЖШС, Актеп ЖШС, Айс ЖШС, Милкер ЖШС, АгрофирмаТау ЖШС, РОКОС компаниялар тобы, ИБИС қонақ үйі, жол бойындағы кемпингтер және т. б.
«БЖК-2025» бағдарламасын іске асырудың он жылында 29,3 млрд.теңге сомасына 2,6 мыңнан астам ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылармен 1,2 трлн.тг. өнім шығарылды, 9 мың жұмыс орны құрылып, 32,3 мың жұмыс орны сақталды, 79,8 млрд.теңге салық төленді.
Екінші мәселе бойынша депутаттар «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы», облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Дүйсенбаеваның ақпараты тындалды.
«Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу қажетті медициналық көмекті уақтылы алатын пациенттерді қамтуды ұлғайту үшін онкогематологиялық бейіндегі 36 төсек-орын құру қажеттілігімен негізделген. Корпус сол жерде ауруларды диагностикалауға және қажетті емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді және отоларингологияның 16 төсегі, гастроэнтерологияның 20 төсегі, ревматология мен Эндокринологияның 28 төсегі және пульмонологияның 28 төсегі, онкогематологияның 36 төсегі жұмысын қамтамасыз етеді. Депутаттар Д.А.Довматенко, А.А.Садықов, А.Т.Оралмағанбетов, А.А.Айтжанов, К.Кенжебаев, А.Тулегенова аталған мәселелерді қарауға белсене қатысып, өз ескертпелерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.