• Субботник

    60-тан астам депутат, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және "Қазхром ТҰК" АҚ жас жұмыскерлері Тұңғыш Президент саябағына сенбілікке шықты

  • 260321

    2021 жылғы 26 наурызда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

  • 170321 Музей

    Облыстық мұражайда "Алтын адам» атты ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп, "Рухани жаңғыру – Ұлттың ұлы мұраты"атты дөңгелек үстел өткізілді

  • 170321

    2021 жылғы 17 наурызда ҚР Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн режимінде отырысы өтті

  • 040321

    2021 жылғы 4 наурызда сағат 15-00-де Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  • 030321

    2021 жылы 3 наурызда облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен қоғамдық кеңес төралқасының отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Онлайн режимінде отырысы өтті

  • Облыстық мұражайда ғылыми қайта құру жұмыстары көрсетіліп және дөңгелек үстел өткізілді

  • Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия кеңейтілген отырысы

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХVI сессиясының баспасөз-хабарламасы

46session-kaz2020 жылғы 15 қазанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының жалпы отырысы №10 Абай сайлау округінен депутат Айтжанов Асхат Абдрахманұлының төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың сессиясына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады. Облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Нақтылау негізінен мемлекеттік сатып алулардан үнемделген, бірқатар шаралардан бас тарту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын азайту есебінен жүргізіледі. Бюджетті нақтылауда 6,4 млрд. теңге қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы басқармасына 2,6 млрд.теңге: соның ішінде 2,4 млрд. теңге - асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау; 217,7 млн. теңге қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу шығындарын субсидиялауға.
Білім басқармасына 925 654 млн. теңге: соның ішінде кезекші сынып мұғалімдеріне ақы төлеуге-924,0 млн.теңге.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 738 095 млн.теңге: соның ішінде Ақтөбе қаласында халықтың әлеуметтік осал топтары және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынаң тұрғын үйін сатып алуға 400,000 млн. теңге. «Рауан» тұрғын үй алабын газбен жабдықтау желілерінің құрылысына 105,7 млн.теңге. Ақтөбе қаласының Жаңақоныс кентінде 70 пәтерден тұратын жеке екі бөлек блоктан тұратын 140 пәтерлі жатақхана құрылысына 100,0 млн. теңге.
Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасына 891 134 млн.теңге: оның ішінде ақпараттық және бағдарламалық бөлікті қоса алғанда, ахуалдық орталықтың бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу 860,0 млн. теңге.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 368 879 млн.теңге: соның ішінде Темір ауданы Ақсай ауылына апаратын газ құбырының құрылысына 292,4 млн.теңге.
Денсаулық сақтау басқармасына 307 358 млн.теңге: соның ішінде «ШЖҚ» Ақтөбе медициналық орталығы МКК балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға 250,5 млн. теңге.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 217 763 млн теңге: соның ішінде ведомствоға бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары.
Ветеринария басқармасына 120 000 млн.теңге: соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 88,4 млн.теңге. және басқа шығындар. Депутаттар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Облыстық бюджетті нақтылау экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сайтында жарияланды.

Екінші мәселе бойынша «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.
Депутаттарға қарауға ұсынылған жобалар бойынша 21 индикатор бойынша жоспарлы мәндерге өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте, барлық өзгерістер ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және салалық орталық мемлекеттік органдармен келісілді.
АДБ-ны түзету бірінші кезекте коронавирустық инфекция пандемиясының әлемдік экономикаға теріс салдарларына, республикалық бюджет шығыстары бағыттарының елеулі өзгерістеріне, сондай-ақ 2019 жылғы әкімдіктің қызметін бағалау қорытындылары бойынша ҚР ҰЭМ ұсынымдарына негізделген.
Сессияда депутаттар облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы №455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселені қарады, ол бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.М.Қайыр хабарлама жасады, ұсынылған өзгерістермен тұрғын үй сертификатын беру көзделгенін атап өтті – тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысандары.
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу үшін (қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу үшін әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау (ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде) түріндегі бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде айқындалады.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір)миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Сондай-ақ, сессияда «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 22 ақпандағы №249 «Ақтөбе қаласында бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» энергетика және тұрғы үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.М.Қайыр хабарлама жасады.
Сондай-ақ, депутаттар облыс әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияға Ақтөбе қаласының коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемелеріне атаулар беру туралы ұсыныстар енгізді. №41 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың есімін беру туралы. №72 жалпы білім беретін IT мектеп-лицейіне коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбіш Кекілбаев есімін беру туралы.
Атау беру туралы түпкілікті шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық ономастикалық комиссияның ұсынысына сай қабылдайды.
Сондай-ақ сессияда депутаттар Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып Г.К.Сатенованы тағайындады.
Сондай - ақ, сессияда №18 Ключевой сайлау округінен депутат Н.Ш.Сагналиннің және №26 Темір сайлау округінен депутат С.Е.Айтбаеваның депутаттық сауалдары жария етілді.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясында депутаттар 11 мәселені қарады, барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.