• 46 сессия

    2020 жылғы 15 қазанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 091020

    2020 жылғы 8 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 140920

    2020 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 030920

    02.09.2020 жылы облыстық мәслихат хатшысы С. М. Қалдығұлованың басшылығымен фермерлік шаруашылықтар мәселесі бойынша кезекті кездесу өтті

  • 260820

    2020 жылғы 26 тамызда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 210820

    20 тамызда құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті


Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы 2020 жылғы 15 қазанда сағат 11.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

3. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.

Хабарламашы: А.Х.Дүйсенбаева – денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

4. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2020 жылғы 15 қазанда сағат 11.00-де тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

091020ruskaz2020 жылғы 8 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңес мүшелері, «Ақтөбе фермер орталығы» қоғамдық қозғалысының өкілдері және облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасарлары Р.Г.Хамбаров және М.Шермағанбет қатысты.


Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11- желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р. Сүйінтаеваның және облыстық бюджетті нақтылауға ұсынылатын шығыстар тізбесін ұсынған бағдарламалар әкімшілерінің ақпараттары тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша депутаттар Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11- желтоқсандағы №361 «2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумақтық дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаеваның ақпараты тындалды. Ол Ақтөбе облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндады. (бұдан әрі-АДБ).
АДБ 3 негізгі бағыт, 17 мақсат және 45 индикатордан құралады. 45 индикатордың 40-ы - ҚР ҰЭМ бекітетін көрсеткіштердің базалық тізбесінің индикаторлары, 5-еуі - мониторингті талап ететін салалар бойынша қосымша индикаторлар.

0910coll

Сондай - ақ, комиссия отырысында «Ақтөбе қаласында бюджет саласының қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлі шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру» мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасы бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу» және «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» балалар стационарлық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» мәселелер қаралды.

Комиссия отырысында аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары өзекті сұрақтарын қойып, ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Аталған мәселе 2020 жылдың 15 қазанында өтетін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралады.