• 170620

    Ағымдағы жылдың 15 маусымында құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.С.Қалауов, облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және қоғамдық өкілдерден құрылған жұмыс тобы көшелерінің жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

  • 120620

    2020 жылғы 11 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 110620

    2020 жылғы 11 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 44 сессия

    2020 жылғы 5 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 030620-2

    2020 жылғы 29 облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 030620-1

    2020 жылғы 29 мамырда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХХІV сессиясының баспасөз-хабарламасы

44session-kaz2020 жылғы 5 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясының жалпы отырысы №2 Алтынсарин сайлау округінен депутат Кенжеғали Кенжебаевтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин және облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның негізгі мәселесі «2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі».


Сессияда қаралған мәселелер бойынша баяндама жасады:
1. Қ.М.Райымқұлов - қаржы басқармасының басшысы.
2. С.Еңсегенұлы - Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
3. А.Ю.Ни – облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіпжәне кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.
4. Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
5. К.Қ.Қанатбаев – ветеринария басқармасының басшысы.
«2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасымен» облыстың қаржы басқармасының басшысы Қ.М.Райымқұлов хабарлама жасады.
2019 жылы облыстық бюджеттің кірістері 101% - ға орындалды немесе нақты 196,1 млрд.теңге түсті, нақтыланған жоспардан асыра орындау 1,9 млрд. теңгені құрады.
Облыс кірістерінің құрылымы келесідей: 76,3% трансферттер түсімдері, 20,5% салықтық түсімдер, 3% салықтық емес түсімдер және 0,2% негізгі капиталды сатудан түскен кірістер.
2018 жылмен салыстырғанда облыстық бюджеттің кірісі 44,8 млрд.теңгеге немесе 29,6% өсті. Өсім негізінен республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен қамтамасыз етілген, 2018 жылға қарағанда 40,9 млрд. теңгеге артық түсті немесе 37,6% - ға өсті. Бұл бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қосымша 12,6 млрд.теңге бөлінді, олар: мұғалімдер, мәдениет, спорт, білім беру, әлеуметтік сала және басқа да салалардың қызметкерлері, сондай – ақ қосымша 9,4 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 9,1 млрд. теңге, атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 9,1 млрд. теңге, "Ауыл-Ел бесігі" арнайы жобасы шеңберінде ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 1,2 млрд. теңге бөлінді. Салықтық түсімдер бойынша өсу қарқыны 105% - ды құрады немесе 1,9 млрд.теңгеге артық, салықтық емес түсімдер 44,6% - ға немесе 1,8 млрд. теңгеге ұлғайды және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 170,1 млн. теңгеге немесе 117,5% - ға артық.
Бұл ретте өткен жылы ақы төленбейтін қызметкерлер үшін салық жүктемесінің азаюына байланысты жергілікті бюджеттің 1,6 млрд. теңгеге ысырабы болды.
Сонымен қатар, салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде облыс бюджетіне қосымша 3,4 млрд.теңге өндірілді. Жұмыс есепке алынбаған жалдамалы қызметкерлердің табыстарын заңдастыру, салықтық тіркеусіз жұмыс істейтін ШОБ субъектілерін анықтау, сондай-ақ тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілері мен жер учаскелерін анықтау сияқты бағыттар бойынша жүргізілді.
2019 жылдың басында салықтар бойынша 2 млрд. теңгеге берешек болды,ол жыл соңында 500 млн. теңгеге азайды.
Бұл үшін мемлекеттік кіріс органдары салық берешегін өндіріп алу, соның ішінде сот арқылы мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстарын жүргізуде.
Шығыс бөлігі бойынша 2019 жылы облыстық бюджет шығындары 217,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
– даму бюджеті-52 млрд. теңге;
– ағымдағы бағдарламалар-152,6 млрд. теңге, 2018 жылмен салыстырғанда 48,6 млрд. теңгеге немесе 46,7%;
- бюджеттік кредиттер-12,8 млрд.теңге, 2,2 млрд. теңгеге немесе 20,3% өсті.
Екінші болып «2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы» Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша,2019 жылға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бекітіліп, орындалды және негізінен бюджет жүйесінің қағидаларына сәйкес келеді. Сонымен қатар, бюджетті жоспарлау және атқару кезінде уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет жүйесінің толықтығы, дәйектілігі, нәтижелілігі, негізділігі, уақтылығы, тиімділігі қағидаларын сақтамау фактілеріне жол берген.
Облыстық бюджеттің атқарылуын талдау экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың теңгерімсіздігінің сақталуы туралы куәландырады. 2019 жылы облыстық бюджет 8 рет нақтыланып, 27 рет түзетілді.
Ақтөбе облысының облыстық бюджетін нақтылау кезінде (2019 жылдың басындағы бос қалдықтарды есепке ала отырып) оның кірістері өзгерістерге ұшырады, ол 40 млрд.635 млн.теңгеге немесе 26,5% - ға және шығындар 37 млрд.141 млн.теңгеге немесе 24,2% - ға артты. Бұл жерде атап өту керектігі, салықтық түсімдер бойынша төмендетілген болжамды бекіту, оны нақты түсімдер бойынша одан әрі түзете отыру тәжірибесі орын алуда.
Деректерді талдау, тұтастай алғанда, салықтық түсімдер бойынша сандық көрсеткіштер орындалды, сонымен қатар түсімдер көлемін ұлғайту үшін белгілі бір резервтер бар екенін көрсетеді.
Облыстық бюджеттің шығыс бөлігі өткен жылы жүргізілген нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, 190 млрд.315 млн. теңгені құрады.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлікжөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Аркадий Юрьевич Ни сөз берілді. Ол берілген есептерде облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына талдау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, Ақтөбе облысының аумағын дамыту бағдарламасында баяндалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша қызметті жүзеге асыру көрсетілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының назарын бірқатар шешілмеген мәселелерге аудару қажет.
Негізгі мәселелердің бірі шығындарды оңтайландыру және қаражатты үнемдеу бойынша жүйелі шаралар қабылдау, тиімсіз және уақтылы емес шығыстарды болдырмау болып табылады. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың себептері ретінде сапалы бюджеттік жоспарлау жеткіліксіздігі, облыстық басқармалардың бюджеттік бағдарламаларын қажетті үйлестірудің жоқтығы байқалады.
Бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында облыс әкімдігі бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі мемлекеттік мекеменің әрбір басшысы қызметінің тиімділігін дербес бағалау жөніндегі жұмысты жандандыруы, кредиторлық және дебиторлық берешектерге жол бермеуі, сондай-ақ коммуналдық меншікті тиімді басқару жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. (Сөз пайдалануға тапсырылған объектілерді уақтылы балансқа қабылдау туралы болып отыр).
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің басшылары – облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы, бюджет қаражатының тиімді игерілуі мен ұтымды пайдаланылуына мониторинг жүргізуі қажеттігін көрсетті. Атқарушылық және қаржылық тәртіпті нығайтуға, жеке жауапкершілікті арттыруға және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі қызметті жақсартуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.
Облыс бойынша Тексеру комиссиясының қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қысқарту мақсатында бюджет қаражатының тиімді игерілуіне және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар мен бақылау объектілеріне жіберілген нұсқамалар мен ұсынымдардың орындалуына мониторинг және бақылау жөніндегі қызметті жандандыру, тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау іс-шараларының нәтижелерін, бұзушылықтарға жол берген басшылардың аттарын көрсете отырып жариялауды қамтамасыз ету, анықталған қаржылық бұзушылықтарды жүйелеу және осы проблеманы шешу жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және нақты ұсыныстар енгізу қажет.
«Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.
Облыстық бюджетті нақтылау жобасында 2 189,1 млн. теңгеге өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Бұл жолы бюджеттің кіріс бөлігі қозғалған жоқ. Атап айтсақ, нақтылау мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемделген, Теннис корты бойынша жасалған шартты қайта қараудан, орталық стадионды сенімгерлік басқаруға беруден және төтенше жағдайға байланысты іс-шаралардың өтпеуіне, сонымен қатар, бұрын облыстық бюджеттен көзделген, республикалық бюджет қаражаты есебінен қайта бөлуге қатысты жүргізіледі.
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе комиссияда қаралып депутаттардан сессияда қарау туралы ұсыныс түсті. Осы мәселе бойынша облыстық ветеринария басқармасының басшысы К.Қ.Қанатбаев хабарлама жасады.
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» мәселе бойынша, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлы хабарлама жасады.
Сессияда №8 Пацаев сайлау округінен депутат Д.А.Довматенконың, №16 Әйтеке би сайлау округінен депутат А.Ф.Чемодановтың депутаттық сауалдары туралы және №6 Жанұзақов сайлау округінен депутат С.В.Вишняктың депутаттық сауалы туралы жария етті. Бұдан басқа, депутаттар тобының сауалдары назарға алынды.
Облыстық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясында 27 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.