• 170620

    Ағымдағы жылдың 15 маусымында құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.С.Қалауов, облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және қоғамдық өкілдерден құрылған жұмыс тобы көшелерінің жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

  • 120620

    2020 жылғы 11 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 110620

    2020 жылғы 11 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 44 сессия

    2020 жылғы 5 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 030620-2

    2020 жылғы 29 облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 030620-1

    2020 жылғы 29 мамырда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы бойынша баспасөз-релизі

260520kazАғымдағы жылдың 25 мамырда №28 Қобда сайлау округінің депутаты – Хайдар Жадитұлы Ильясовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына үшелері, басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Серікұлы Қалауов және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Жеткергенұлы Данағұлов қатысты.
Комиссия отырысында бірінші болып «2019 жылы құрылыс кешенін, жол инфрақұрылымын және тұрғын үй шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары құрылыс нысандарының уақытылы аяқталуына және құрылыс объектілеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, облыс бойынша және Ақтөбе қаласы бойынша автомобиль жолдарына жүргізілген сапасыз күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты және облыс бойынша және Ақтөбе қаласы бойынша көпқабатты тұрғын үйлерден қоқыс шығару мәселелеріне байланысты сұрақтарын қойып, өз ескертулерін айтып, тиісті ұсыныстар енгізді.
Екінші мәселе ретінде «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Б.Р.Өтешов хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, ескертулерін айтты және ұсыныстар енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша осы мәселені ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу туралы тұрақты комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.