• 260520-1

    2020 жылғы 26 мамырда облыстық мәслихат депутаты Г.Қ.Ерғазинаның төрағалық етуімен және облыстық мәслихат хатшысы С.М.Қалдығұлованың қатысуымен аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 260520

    Ағымдағы жылдың 25 мамырда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 250520

    2020 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 190520

    Ағымдағы жылдың 19 мамырында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 150520

    2020 жылғы 15 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 43 сессия

    Ағымдағы жылдың 30 наурызында облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясы 2020 жылғы 5 маусымда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі.

1) 2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы.

Баяндамашы: Қ.М.Райымқұлов – қаржы

басқармасының басшысы

2) 2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

Баяндамашы: С.Еңсегенұлы - Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы

2. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы

3. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2020 жылғы 5 маусымда сағат 10.00-де тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Облыстық мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

260320kazНаурыз мерекесі қарсаңында облыстық мәслихат депутаты Асқар Аманбайұлы Садықов Ақтөбе және Хромтау қалаларының 36 азық-түлік дүкендерінде жалпы сомасы 3 млн. теңгеге аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге және жалғыз тұратын зейнеткерлерге азық-түлік жиынтығын ұсыну бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.