• 40 сессия

    2019 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 111219

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 061219

    Ақтөбе облыстық филармония - 75 жыл

  • 051219

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-4

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-3

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХХ сессиясының баспасөз-хабарламасы

40session2019 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясының жалпы отырысы №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңісгүл Сағидоллақызы МҰХАМБЕТПАИЗОВАНЫҢ төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Сессияға облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерінің бірі «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. Жалпы, облыстық бюджеттің кірістері үш жылдық кезеңде 140,4 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылы-44,1 млрд.тенге немесе ІӨӨ (ішкі өңірлік өнім)-ге 1,4%.
Тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңарту, әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру басым бағыттар болып табылады.
Облыстық бюджет шығындары 238,3 млн. теңгені құрайды. Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Әлеуметтік блоктың шығыстары 51105,6 млн.теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 44,5% құрайды.
Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі облыс азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмек көрсетуге келеді. Көрсетілген шығыстардың елеулі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды, оған 1814,9 млн.теңге көзделген, оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмекті төлеу-1347,1 млн. теңге, кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, азық – түлік жиынтығы (сүт, печенье, ұнтақ және жүгері жармасы, балалар ботқасы, пюре, сұлы қауызы және т. б. 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін).
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 681,2 млн.теңге қарастырылды, бұл 2019 жылғы деңгейге қарағанда 176,7 млн. теңгеге артық.
Денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығындар 34,9 млн.теңгені құрады.
Білім беру жүйесін дамытуға 34 042,7 млн.теңге қарастырылған. Білім беру саласындағы бюджеттің негізгі шығыстары 9 121,8 млн. теңге сомасына Еңбек бағдарламасы шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар білікті мамандарды даярлауға, кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталды.
6 жастан 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуге 2 468,3 млн.теңге қарастырылған, атаулы әлеуметтік көмек алатын балабақшалардағы балалардың тамақтануына 185,5 млн. теңге бөлінді.
Дене шынықтыру және спортты дамытуға 7 млрд.329 млн. теңге қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 8 млрд.209 млн. теңге көзделген.
2020 жылға облыстық бюджет жобасында «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыруға 1 млрд.297 млн. теңге қарастырылған.
Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге 1 млрд.027 млн. теңге қарастырылған.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға 1млрд.489 млн. теңге жоспарланған.
Көлік инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд.333 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде автожол саласын дамытуға 3 млрд. 611 млн. теңге қарастырылған.
Жергілікті желінің автожолдарын жөндеуге 7 млрд. 556 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде 3 млрд. 829 млн.теңге облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге; 3 млрд.727 млн. теңге аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге жұмсалады.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары - Апуажан Төлегеноваға сөз берілді. Оның айтуынша, бүгінде негізгі реформа өңірлерді дамыту шеңберінде жүзеге асырылуда, ауылдық елді мекендерді қолдау жөніндегі бағдарламалар қабылдануда, жаңа жұмыс орындары құрылуда, әлеуметтік мәселелер шешілуде.
Бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар басшыларының назарын бюджет қаражатын бақылау, тиімді жоспарлау және пайдалану мәселелеріне аудару қажет.
Жалпы отырыста талқылау барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Олардың ішінде - ауылдық елді мекендердегі азаматтарымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау, кадрлар даярлау, халықты жұмыспен қамту мәселелері және т.б.
Депутаттар бюджеттің шығыс бөлігіне түзетулер енгізді. Белгілі бір нәтижеге жетуді көздемейтін негізсіз шығындар біздің заматтарымыздың шұғыл шешуді қажет ететін қажеттіліктеріне қайта бөлінеді. Енді негізгі міндет - осы бөлінген барлық қаражаттардың, өз уақытында, тиімді жұмсалуы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы» Г.Р. Сүйінтаева 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлар көлемі Ұлттық экономика министрлігі бекіткен әдістемеге сәйкес есептелгенін баяндады.
2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде әкімдердің қаржылық дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мақсатында жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына бұрын республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығындар енгізілді (2020 жылы – 28,2 млрд.теңге, 2021 жылға– 29,5 млрд. теңге және 2022 жылға – 29,5 млрд. теңге).
Осы Заң шеңберінде өңірлерді бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін теңестіру үшін 2020-2022 жылдарға біздің облыста 329,9 млрд.теңге сомасында субвенциялар көзделген, оның ішінде 2020 жылға – 108,5 млрд. теңге, 2021 жылға – 110,3 млрд. теңге, 2022 жылға – 111,1 млрд. теңге.
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының болжамды көлемін ескере отырып, аудандық деңгейде жалпы сипаттағы трансферттер келесі көлемде анықталды:
-бюджеттік алулар: 2020 жылы -1,4 млрд. теңге, 2021 жылы -4,0 млрд. теңге, 2022 жылы -6,9 млрд. теңге;
-бюджеттік субвенциялар: 2020 жылы -39,3 млрд.теңге, 2021 жылы -38,2 млрд. теңге, 2022 жылы -38,0 млрд. теңге.
«Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша Г.Р. Сүйінтаева облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Нақтылау барлығы 715,9млн.теңгеге жүргізіледі, 363,4 млн.теңге мемлекеттік сатып алу қорытыңдысы бойынша үнемдеу,өткізілмей қалған конкурстар, өнім берушілердін міндеттемелерін орындамау және игерілмеу қауыпы бар қаражаттарды қайта бөлу және 352,5млн.теңге бюджеттің кіріс жағын көбейту есебінен.
Ақша қаражаты: жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына - 349,6 млн. теңге, құрылыс басқармасына-174,0 млн. теңге, энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасына-98,3 млн. теңге және т. б. бағытталатын болады.
Төменде көрсетілген аудандардың әкімдіктері мен мәслихаттары «Облыстық атқарушы және өкілді органдарға көрсетілген аудандарда ауылдарды тарату туралы ұсыныстар енгізу туралы» әкімдіктің бірлескен қаулылары мен мәслихат шешімдерін қабылдады.
Депутаттар мен облыс басшылығы енгізілген «Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы», «Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Торайғыр ауылын тарату туралы», «Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» ұсыныстарды қолдады.
«Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» мәселесі бойынша Шұбарши ауылдық округі таратылып, қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Саркөл ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 15248 гектар таратылатын Шұбарши ауылдық округінің аумағы, соның ішінде Шұбарши кентін қоса отырып өзгертіліп, жалпы көлемі 155791 гектар Саркөл ауылдық округінің шекаралары жалпы көлемі 15248 гектар Шұбарши кентіндегі әкімшілік орталығымен қоса белгілену туралы.
«Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» бойынша тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын елді мекендердің құрамына қосу туралы.
Алға ауданы бойынша: Маржанбұлақ ауылдық округінің Қарағандысай ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Маржанбұлақ ауылдық округінің Қайыңдысай ауылының құрамына қосу;
Ырғыз ауданы бойынша: Ырғыз ауылдық округінің Қалалыкөл ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының құрамына қосу;
Мәртөк ауданы бойынша:Байнассай ауылдық округінің 13 жылдық Қазақстан ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Байнассай ауылдық округінің Байнассай ауылының құрамына қосу;
Мұғалжар ауданы бойынша: Жұрын ауылдық округінің Изембет станциясы және Мұғалжар ауылдық округінің № 57 «Тас» разъезді таратылып, таратылған елді мекендердің тұрғындары жақын орналасқан Жұрын ауылдық округінің Көбелей және Мұғалжар ауылдық округінің Мұғалжар ауылдарының құрамына қосу;
Шалқар ауданы бойынша: Кішіқұм ауылдық округінің Шағыр және Сардүлекразъездері, Қауылжар ауылдық округінің Көкпек (№66 разъезд) және Бүйректөбе (№67 разъезд), Тоғыз ауылдық округінің Қаратал, Қопатай және Ушқурай разъездері, Бершүгір ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы таратылып, таратылған елді мекендердің тұрғындары жақын орналасқан Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының және Шоқысу станциясының, Қауылжар ауылдық округінің Ұлпан станциясының, Тоғыз ауылдық округінің Көпмола станциясының, Бершүгір ауылдық округінің Сарысай ауылының құрамына қосу.
Әйтеке би ауданы: Жабасақ ауылдық округінің Қарасу ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Жабасақ ауылдық округінің Жабасақ ауылының құрамына қосу;
Қарғалы ауданы бойынша: Кемпірсай ауылдық округінің Қарабұтақ және Қос Естек ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылдарытаратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын орналасқан Кемпірсай ауылдық округінің Кемпірсай және Қос Естек ауылдық округінің Қос Естек ауылдарының құрамына қос;
Хромтау ауданы бойынша: Абай ауылдық округінің Жарбұтақ және Аралтөбе, Аққұдық ауылдық округінің Қатынадыр, Көктау ауылдық округінің Қарабаз, Бөгетсай ауылдық округінің Талдыбұлақ және Шіліктісай, Табантал ауылдық округінің Бақай ауылдарытаратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын орналасқан Абай ауылдық округінің Абай, Аққұдық ауылдық округінің Аққұдық, Көктау ауылдық округінің Көктау, Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай, Табантал ауылдық округінің Табантал ауылдарының құрамына қосу.
Сессияда «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе қаралды. Мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Серікұлы Қалауов. Облыстың экономикалық, денсаулық, әлеуметтік саласының дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы мыналарға беру туралы шешім қабылданды. Олар Айталы Амангелді Әбдрахманұлы, Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы, Құрманғазин Есімхан Ақнаурызұлы, Сыздық Рабиға.
«Ақтөбе облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру Қағидаларын бекіту туралы» құрылыс, сәулет жәнеқала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Жұмашұлы Иманалин хабарлама жасады.
Қорытындысында құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссияның төрағасы, депутат Ілиясов Хайдар Жадитұлы сөз сөйледі.
Осы Ережені құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы әзірледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жағдайында сыртқы жарнама объектілерін орналастыру үшін беріледі.
Сыртқы жарнаманы объектілерде орналастыруға жеке және заңды тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберген жағдайда жол беріледі:
Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан жарнаманы орналастыру кезінде – облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жарнаманы орналастыру кезінде – аудандардың жергілікті атқарушы органдарына.
Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламай, сыртқы жарнаманы өз бетімен орналастыруға жол берілмейді.
Хабарлама орналастыру күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш беруші өзі мәлімдеген мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыра алады.
Сессия отырысында Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалды: ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерінәлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен.
Сонымен қатар сессияда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есебі қаралып, «Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану», «Ақтөбе қаласында қалалық жедел шұғыл медициналық көмек бекетін салу және пайдалану», «Ақтөбе қаласында 60 төсектік офтальмологиялық аурухана және күніне 500 адам қабылдайтын емхана салу және пайдалану», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қасбеттерін күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының галереясына екі қабатты қосымша құрылыс салу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалын күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданып, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілді және т.б.
Облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясында жалпы 27 мәселе қаралды, барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.