• 260320

    Облыстық мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

  • 200320

    Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстанда белгіленген төтенше жағдай мерзімінде сауда нысандарының жұмыс істеуіне байланысты берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары тексеру рейдтерін жүргізді

  • 050320

    2020 жылдың 5 наурызында облыстық мәслихатта Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолламен Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан құқықтық реформа мәселесі бойынша кездесу өтті

  • 42 сессия

    2020 жылғы 26 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектіқырық екінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Баспасөз хабарламасы

2410192019 жылдың 22 қазанында облыстық мәслихаттың депутаттық Жұмыс тобы мен бюджет, экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Ни төрағалық етуімен өтті.
2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Е.А.Назаров және облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ә.М.Оразғалиев хабарлама жасады.


Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары сұрақтар қойып, облыстық басқармаларының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.