• 260320

    Облыстық мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

  • 200320

    Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстанда белгіленген төтенше жағдай мерзімінде сауда нысандарының жұмыс істеуіне байланысты берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары тексеру рейдтерін жүргізді

  • 050320

    2020 жылдың 5 наурызында облыстық мәслихатта Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолламен Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан құқықтық реформа мәселесі бойынша кездесу өтті

  • 42 сессия

    2020 жылғы 26 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектіқырық екінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Баспасөз хабарламасы

1510192019 жылғы 15 қазанда облыстық мәслихаттың депутаттары мен Жұмыс тобының мүшелері 2020-2022 жылдарға арналған облыстық басқармалардың бюджеттік шығыстарының жобасын қарау бойынша жұмысқа кірісті.
Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттық Жұмыс тобы мен Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші бірлескен отырысы №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Ни төрағалық етуімен өтті.


Биыл жұмыс тобының құрамына Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері кірді.
2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Е.Сәрсембай хабарлама жасады.Оның айтуы бойынша, 2020-2022 жылдарға бюджеттік өтінім жалпы сомасы 30 904 366,1мың теңгеге жоспарланған, оның ішінде бюджеттік комиссия 21 489 440,0 мың теңгені мақұлдады, оның ішінде: 2020 жылы–7 169 404,0 мың теңге; 2021 жылы-7 160 018,0 мың теңге; 2022 жылы – 7 160 018,0 мың теңге келесідей бағдарламалар үшін: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау және т.б.
Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.