• 051219

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-4

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-3

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы

  • 031219

    Жұмыс тобының, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен отырысы өтті

  • 39 сессия

    2019 жылғы 15 қарашада облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 111119

    2019 жылдың 8 қарашасында депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2019 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

3. Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы.

Хабарламашы: М.Е.Абдуллин – Ақтөбе қаласының әкімі

4. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

1010192019 жылғы 10 қазанда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзектендіру туралы» мәселесі бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ерлан Асылбекұлы Назаров хабарлама жасады. Оның айтуынша, жаппай кәсіпкерліктің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге барлық қаржы көздері арқылы жалпы сомасы 40 млрд.тг. құрайтын 3,5 мыңңан астам кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету жоспарлануда.
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 24,2 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, оның аясында 2 мыңнан астам ШОБ субъектісі қолдау тапты. Осы бағдарламаны іске асыру үшін қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаюда. Ағымдағы жылы 2 029 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған, бұл өткен жылдың көлемінен артық (2018 жылы-1 832 млн. тг.).
Осы қаражат шеңберінде жыл соңына дейін кемінде 260 субъектіні мемлекеттік қолдаумен қамтуды жоспарланды. 9 айдың қорытындысы бойынша 280 ШОБ жобасы қолдау тапты.
Ағымдағы жылы үздіксіз қаржыландыру және бағдарламаға енгізілген жаңалықтардың арқасында тоғыз айдың қорытындысы бойынша 7,3 млрд.теңгеге 141 жоба субсидияланды, 2,5 млрд.теңгеге 100 жоба кепілдік алды.
Ағымдағы жылы мемлекеттік өтеусіз гранттарды қаржыландыру 40 млн.теңгеден 61 млн.теңгеге дейін артты, бұл 30-дан астам ШОБ жобасын қамтуға мүмкіндік берді.
ҚР Предитенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауы аясында әлеуметтік жобаларды қолдауға, отбасылық бизнесті қолдауға, көп балалы аналардың, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің жобаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Шалқар қаласынан тұз үңгірін ашу бойынша Өтешовтердің отбасылық жобасы, Қасеновтер отбасымен жүзеге асырылатын Байғанин ауданында жылыжай құрылысы, Алға қаласынан жаңа туған нәрестелерге жүн киімін тоқу бойынша жоба қолдау тапты. Әлеуметтік аспектісі бар жобалар: аутизм және БЦП бар балаларға арналған баламалы коммуникацияны дамыту жөніндегі шағын орталықтары, Ақтөбе қаласында мүгедектерге арналған киім тігу жөніндегі жоба (ЖК Айжарикова), туризм саласындағы жобалар-Ырғыз ауданында ұлттық стильде қонақ үй ашу. Темір ауданынан (ЖК Айнагулова), Ақтөбе қаласынан (ЖК Амира және ЖК Темир-Султан) көп балалы аналардың жобалары. Мүгедек-кәсіпкерлердің жобалары: "металл бұйымдарын өндіретін Цех" - "Пандус Ок" Шахан ЖШС, "Мәртөк ауданында сандық кинотеатр ашу" - ЖК Литвинов, "Ағаш бұйымдарын өндіретін цех ашу" - ЖК Шаңырақ және т. б.
ШОБ жобаларына жетіспейтін сыртқы инженерлік инфрақұрылымды жүргізу маңызды қолдау болып табылады. 2010 жылдан бастап жетіспейтін инфрақұрылым 11,8 млрд.теңгеге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 109 жобасына жүргізілді.
Жыл басынан бастап ӨҮК 377 млн.теңгеге 120-дан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 8 жобаны мақұлдады. Оның ішінде екі жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады (АКтеп ЖШС және Табын ШҚ).
Е.Назаров оң сәттермен қатар инфрақұрылымды қаржыландыру бойынша проблемалық мәселелердің бар екенін айттып кетті. Сонымен, бүгінгі таңда ЖБ қаржыландыруға мұқтаж 168 млн.теңгеге өткен жылы мақұлданған 10 жобаны есепке ала отырып, пул жобалары бар, оның ішінде:2 жоба бойынша (Кун ШҚ, Идеал Пласт Констракшн ЖШС) бірінші кезеңде мемлекетттік сараптама өтуге қаражат бөлу қажет; 8 жоба бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын қаржыландыру қажет.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері жалпы сомасы 24 млрд.теңгеге 2 мыңнан астам ШОБ субъектісі қолдауға ие болды, қатысушылар 1,1 трлн.теңгеге өнім өндірді, 9 мың жұмыс орны құрылды, 63,7 млрд.теңге салық төленді, бұл жұмсалған бюджет қаражатынан 2,5 есе көп.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.