• 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 38 сессия

    2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 200919

    2019 жылғы 16 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919-2

    2019 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919

    2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті

  • Послание Президента

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Баспасөз хабарламасы

0510192019 жылғы 1 қазанда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің, медициналық мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар туралы» мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев хабарлама жасады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 8 айында онкологиялық аурулармен аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 6,1% -ға төмендеп, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 193,9-і құрады (1128 науқас). Аурушаңдық республикалық көрсеткішпен бір деңгейде орын алуда (ҚР – 193,1). «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының индикаторы болып табылатын «онкологиялық аурулардан өлім – жітім көрсеткіші» 70.7-і құрап (411 науқас) индикаторға қол жеткізілді (жоспарлы индикатор – 71,42). Республикалық көрсеткіштен 5 %-ға төмен (ҚР – 74,4).
Ағымдағы жылдың 8 айында "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының индикаторы болып табылатын қатерлі ісіктерді ерте анықтау көрсеткіші 0-1 сатыда, өкінішке орай, қол жеткізілген жоқ.
Жоспарлы индикатор 19,04 % болса, біздің көрсеткіш 18,7%-і құрады (2018ж-17,1). ҚР көрсеткіші - 26%. Индикаторға қол жеткізбеу себептерінің бірі – Батыс Қазақстан өңірінің және Қызылорда облысының тұрғындарының онкологиялық көмекке біздің мамандарға жие жүгінуі. 2019 жылдың өткен кезеңінде БҚМУ медициналық орталығында онкопроцесстің 3-4 сатысындағы 148 басқа қалалардан келген пациенттерді емдеуге жатқызу бюросы Порталы бойынша ем алды.
Облыс тұрғындарына онкологиялық көмекті келесі ұйымдар көрсетуде: М.Оспанов атындағы БҚМУ – ң медицина орталығының 150 керуеттік онкология бөлімі, аталған орталықтың амбулаторлық – емханалық бөлімі, Ақтөбе медициналық орталығының 8 керуетті бөлімі. Сонымен қатар барлық амбулаторлық ұйымдарда және аудандық ауруханаларда онколог кабинеттері жұмыс жасауда.
Үстіміздегі жылдың 8 айында М.Оспанов атындағы БҚМУ – ң медицина орталығында 1730 науқас және Ақтөбе медициналық орталығында 48 науқас ем қабылдады. Қатерлі ісіктерді жою бойынша 783 жоғарытехнологиялық оталар (2018 жылы - 814), 2762 химиотерапиялық сеанстар (2018 жылы - 3203), 763 сәулелі терапия сеанстары (2018 жылы - 1028) жүргізілді.

{gllery}051019{/gallery}

Жалпы аурушаңдық төмендегенмен, жыл сайын онкологиялық аурулардың аса ауыр түрлеріне шалдыққан, емнің бірнеше түрін (таргеттік дәрі – дәрмектер, химио және сәулелі терапия) талап ететін науқастардың саны өсуде. 2018 жылы онкологиялық науқастардың еміне республикалық бюджеттен 890 722 743 тг. бөлінсе, биыл 1 млрд 322 млн 528 мың 073 тг. бөлінді.
Облыс онкоқызметінің материалдық - техникалық базасын одан әрі нығайту және облыс халқына онкологиялық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында МЖӘ шеңберінде бірқатар нысандардың құрылысы басталды: "Ядролық медицина орталығы" американдық "Дженерал – электрик" компаниясымен бірге құны 5,8 млрд.тг. және құны 4,4 млрд.теңге болатын балаларға арналған онкогематологиялық орталық салу, "Check-up орталығы" Сеул ұлттық университетімен бірлесе отырып жалпы инвестиция 6,7 млрд.теңге сомасында салынуда. Осы жобаларды іске асыру барысында пациент ағзасындағы бастапқы биохимиялық өзгерістер сатысында болатын онкологиялық аурулардың ерте диагностикалауын жақсартады, бұл облыс тұрғындарының онкологиялық ауруын таяудағы 4-5 жылда 30 – 35% төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ә.Ә.Қалиев проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқтады.
Мәселені талқылау кезінде депутаттар мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертпелері мен келесідей ұсыныстарын айтты: облыс бойынша онкологиялық ауруларды үздіксіз қамтамасыз ету үшін базалық дәрілік заттардың (химиялық препараттардың, таргетті дәрілік заттардың, есірткі анальгетиктерінің) қажетті көлемінің болуын қамтамасыз ету; алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек деңгейінде онкологиялық ауруларға күдікті пациенттер үшін клиникалық-диагностикалық қызметтердің тізбесін қалыптастыру және енгізу мәселесін пысықтау; барлық ақпараттық жүйелерді, оның ішінде онкологиялық аурулардың алдын алу, емдеу және науқастарды оңалтуды жүргізу жөніндегі бағыттарды интеграциялай отырып, денсаулық сақтауды цифрландыруды аяқтауды қамтамасыз ету; онкологиялық көмек көрсететін ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; ауруханаларды ірілендіру және көп бейінді клиникаларды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде онкологиялық бөлімшелерді немесе орталықтарды ашу мүмкіндігін қарастыру
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.