• 43 сессия

    Ағымдағы жылдың 30 наурызында облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті

  • 260320

    Облыстық мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

  • 200320

    Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстанда белгіленген төтенше жағдай мерзімінде сауда нысандарының жұмыс істеуіне байланысты берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары тексеру рейдтерін жүргізді

  • 050320

    2020 жылдың 5 наурызында облыстық мәслихатта Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолламен Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан құқықтық реформа мәселесі бойынша кездесу өтті

  • 42 сессия

    2020 жылғы 26 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектіқырық екінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХVІІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

38session2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың сессиясына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 574 000,0 мың теңге, олар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге бағытталады.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, депутат Асхат Әбдірахманұлы Айтжановқа сөз берілді.
Екінші мәселе «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Жұмашұлы Иманалин хабарлама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №48 бұйрығымен жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың Үлгілік қағидалары бекітілгенін баяндады. Бұрын бұған ұқсас қағидалар болған жоқ.
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Үлгі ереже негізінде облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын әзірледі, оларды әзірлеу кезінде елді мекендер аумағының, олардың құрылысының ерекшеліктері, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстау ісі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұра объектілерін, діни мақсаттағы және табиғи ландшафты сақтау, зираттарды абаттандыру және күтіп ұстау қажеттілігі ескерілген.
Қағида жерлеу орындарын орналастыру тәртібін, қайтыс болғандарды жерлеу тәртібін, зираттарды жобалау мен орналастыру, сондай-ақ жерлеу орындарын абаттандыру мен оларды күтіп ұстау тәртібін қамтиды.
Қорытындысында құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссияның төрағасы, депутат Ілиясов Хайдар Жадитұлы сөз сөйледі
«Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» мәселесі бойынша Темір ауданының әкімі Жолдас Нұрланұлы Қалмағамбетов хабарлама жасады.
Сессияда «Г.Ғ.Тұрмағамбетованы Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы» мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, сессияда депутаттар Т.Ж.Талаева мен С.Е.Айтбаеваның облыс әкімі О.С.Оразалиннің атына жолданған Медициналық колледжінің жатақханасын салу және автомобиль жолдарын салу мәселелері бойынша депутаттық сауалдары жария етілді.
Облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясында барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.