• 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 38 сессия

    2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 200919

    2019 жылғы 16 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919-2

    2019 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919

    2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті

  • Послание Президента

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Баспасөз хабарламасы

2009192019 жылғы 16 қыркүйекте, №10 Абай сайлау округінен депутат Асхат Әбдірахманұлы Айтжановтың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы Тоқжанов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары қатысты.


«Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Әбілқамитқызы Ерғалиева хабарлама жасады. Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 574 000,0 мың теңге, олар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге бағытталады.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.

Дәл осы күні №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Темір ауданы әкімінің орынбасары Жандәурен Баймағамбетұлы Қойшыбаев хабарлама жасады. Ж.Б.Қойшыбаев Темір ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына төмендегідей өзгерістер енгізу ұсынды.
Шұбарқұдық ауылдық округі құрамынан Шұбарқұдық ауылын және Жақсымай бекетін шығара отырып, Жақсымай ауылдық округін құру туралы.
Шұбарқұдық ауылы және Жақсымай бекеті аудан орталығынан 9-10 шақырым жерде орналасқан.
Аталған Жақсымай ауылдық округінде әлеуметтік сала бойынша орта мектеп, балабақша, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт және аудандық туберкулез ауруханасы жұмыс жасайды.
Көрсетілген ауылдық округтерде миграцияның оң сальдосы байқалады, көршілес ауылдар мен ауылдық округтерден көшіп келіп жатқан тұрғындардың саны көбеюде. Соңғы үш жылда халық саны 2041 адамнан 2247 адамға өсті, туу көрсеткіші орта есеппен 15 баланы құрап отыр. Жыл сайын округте тұрғындар саны артып келеді.
Шығырлы ауылдық округі туралы.
Шығырлы ауылы аудан орталығы Шұбарқұдық ауылынан 75 шақырым жерде орналасқан, ауылдық округ үш елді мекен – Шығырлы, Ащысай, Бірлік ауылдарынан тұрады. Соңғы төрт жыл арасында халық саны – 910 адамнан 840 адамға, отбасы саны 166-дан 150-ге азайды. Сонымен қатар, соңғы төрт жылда жұмыссыздар саны 7-ден 9-ға көбеюде.
Мектеп жасына дейінгі балалар санының азаюына байланысты балабақша жабылып, Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектебінде шағын орталық жұмыс істейді. Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектебінде 42 оқушыбар, жыл сайын бала саны азаюда. Бірлік, Ащысай ауылдарында бос тұрғынүйлер саны артуда.
Ақсай ауылдық округі туралы.
Ақсай ауылдық округінің жалпы жер көлемі 110 906 га. Оның ішінде: елді мекен жері 19802 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 91104 га.
Ақсай ауылы облыс орталығынан 163 шақырым, аудан орталығынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан.
Округте халық саны 01.01.2018 жылға 825 болса, 01.04.2019 жылға 798 адам, оның ішінде зейнеткерлер саны 71, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 17, 14-ден 29-ға дейін жастар 132. Жалпы аула саны 171.
Шығырлы ауылдық округін таратып, Ақсай ауылдық округіне қосқан уақытта жалпы жер көлемі 157 958 гектар, оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 119 448 гектар болады, яғни 28344 гектарға ұлғайтуға жоспарлануда. Бұл өз кезегінде, аталған ауылдық округте ауылшаруашылығы саласының дамуына оң әсерін тигізеді.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.