• 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 38 сессия

    2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 200919

    2019 жылғы 16 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919-2

    2019 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919

    2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті

  • Послание Президента

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Баспасөз хабарламасы

130919-22019 жылғы 12 қыркүйекте №28 Қобда сайлау округінен депутат – Хайдар Жадитұлы Ильясовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Тұрақты комиссияның отырысында бірінші мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Е.Ш.Кенжалының «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» ақпараты қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №48 бұйрығымен жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың Үлгілік қағидалары бекітілгенін баяндады. Бұрын бұған ұқсас қағидалар болған жоқ.
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Үлгі ереже негізінде облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын әзірледі, оларды әзірлеу кезінде елді мекендер аумағының, олардың құрылысының ерекшеліктері, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстау ісі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұра объектілерін, діни мақсаттағы және табиғи ландшафты сақтау, зираттарды абаттандыру және күтіп ұстау қажеттілігі ескерілген.
Қағида жобасы жерлеу орындарын орналастыру тәртібін, қайтыс болғандарды жерлеу тәртібін, зираттарды жобалау мен орналастыру, сондай-ақ жерлеу орындарын абаттандыру мен оларды күтіп ұстау тәртібін қамтиды.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген жоба жергілікті «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде, сондай-ақ облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының веб-сайтында жарияланды. Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің оң қорытындыларын алды және облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынылды.
Осы мәселені талқылау барысында депутаттар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Енгізілген ұсыныстарды ескере отырып, қарау қорытындысы бойынша бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілді.

Екінші мәселе бойынша облыстық прокуратураның Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауға және қорғауға бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және жұмсау мәселесі бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы қаралды. Ақтөбе облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Н.Б. Мулькаев ақпарат берді.

Осы мәселені талқылау барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері прокуратура анықтаған бұзушылықтарды сәйкестендіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты тыңдады. Мәселені қарау қорытындысы бойынша және бюджетті жоспарлау кезінде негізділік принципін сақтау және одан әрі бюджет қаражатын негізсіз бөлуге жол бермеу мақсатында облыстық мәслихат Қоғамдық кеңеспен бірлесіп тиісті ұсынымдар қабылдады.

Үшінші мәселе бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ж.Е.Әубәкіровтің және Ақтөбе облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы А.Б.Такешевтің «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы» ақпараттары тыңдалды.
Осы мәселені талқылау кезінде депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады.