• 111119

    2019 жылдың 8 қарашасында депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

  • 061119

    Депутаттық Жұмыс тобының, облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті

  • 311019

    Сәния Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

  • 251019-2

    2019 жылдың 25 қазанында облыстық мәслихаттың депутаттық Жұмыс тобы мен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті

  • 251019

    2019 жылғы 24 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2019 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

3. Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы.

Хабарламашы: М.Е.Абдуллин – Ақтөбе қаласының әкімі

4. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

1309192019 жылғы 6 қыркүйекте №14 Шайкенов сайлау округінің депутаты – Апуажан Төлегенованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Олжас Мұхтарұлы Смағұлов қатысты.


Тұрақты комиссияның отырысында бірінші мәселе Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлының «Тексеру комиссиясының 2019 жылдың 8 айына бақылау шараларының қорытындылары туралы» ақпараты қаралды. Оның мәліметінше, 2019 жылдың 8 айында Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 84 мемлекеттік аудит объектісінде 7 іс-шара өткізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс – шаралардың нәтижелері бойынша қалпына келтірілуге жататын сома 637 868,7 мың теңгені құрайды, оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезінде 122 743,7 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 9 269,2 мың теңге, активтерді пайдалану кезінде-31 416,7 мың теңге және бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде 474 439,1 мың теңге. Барлығы 508 788,6 мың теңге қалпына келтірілді және өтелді немесе 79,8%.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 2019 жылдың 8 айында 6 лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданып, 39 лауазымды тұлға бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, оларға қатысты 54 хаттама толтырылып, 3 725,8 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
2019 жылдың 8 айында құқық қорғау органдарына іс жүргізу шараларын қабылдау үшін 9 материал жіберілді.
2019 жылдың 8 айында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 84 аудит объектісінде (9 қарсы тексеру) 7 аудиторлық қорытынды, 75 анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберілді.
Бұзушылық сипатын талдау бұзушылықтардың бір үлгідегі сипатқа ие екендігін және жылдан жылға қайталанатындығын көрсетті.
Жалпы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша негізгі бұзушылықтар: мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаттарын және заңнаманың бекітілген нормаларын елемеу, бюджеттік және бухгалтерлік есепті бұзу, жалақы мен жәрдемақыларды негізсіз төлеу, мемлекет активтерін дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ іссапар шығыстарын артық төлеу болып табылады.
Сондай-ақ, мекемелер мен кәсіпорындарда бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, активтерді тиімді пайдалану, бюджет шығыстарының негізділігі мен тиімділігі, анықталған бұзушылықтарды жою және бюджеттік жоспарлау сапасы бойынша бақылаудың болмауы және осы мәселелерге жеткіліксіз көңіл бөлінетіндігін көрсетті.
Комиссия отырысында талқылау барысында депутаттар өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтар қойып, ескертулер айтты және өз ұсыныстарын енгізді.
Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Екінші мәселе бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлының «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Г.Ғ.Тұрмағамбетованы тағайындау туралы» ұсынысы қаралды.

Г.Ғ.Тұрмағамбетова 1974 жылы туған, Қазақ, Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Темір қалалық тұтыну қоғамының экономисі болып бастады, 2002 жылдан 2014 жылға дейін облыстық коммуналдық меншік басқармасында, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінде, облыс әкімі аппаратында, Ақтөбе облысының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасында, Қаржылық бақылау инспекциясында әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасады. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясы» КММ құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарады.
Осы кандидатураны талқылау кезінде депутаттар өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтар қойып, осы мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.

* * *
Осы күні облыстық мәслихатта №21 Қарғалы сайлау округінің депутаты -Ерғазина Гүлжанат Қойбағарқызының төрағалығымен аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
«Ауылдық кооперацияларды одан әрі дамыту туралы» мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Іскендірұлы Сәрсембай ақпарат берді. Қазіргі таңда облыста 182 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Оның ішінде 98-ет бағыты, 64-сүт бағыты, 6-дәстүрлі емес бағыт, 14-көкөніс дақылдары. Кооператив құрамына 3978 жеке қосалқы шаруашылық, 103 фермерлік шаруашылық, 23 заңды тұлға, 409 жеке кәсіпкер кірді.

2018 жылы 5 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, 24 кооператив жұмыстарын тоқтатты. Бұл кооперативтердің жұмыстарын тоқтатудың негізгі себебі ауыл шаруашылығындағы орталық уәкілетті органдар тарапынан ережелерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ инвестициялық субсидиялау және өнімді сату бойынша мемлекеттік қолдау көрсету бағытындағы бар басымдықтарды алып тастау болып табылады.
Ағымдағы жылы 104 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді, 14 кооператив өз қызметін уақытша тоқтатты, 13 кооператив жабылу сатысында, 51 кооператив жұмыс жасамайды.
2018 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 322,1 млн. теңге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде:
-111, 2 млн. теңге техника мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар;
- 206,1 млн. теңге мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға субсидия;
- Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға 4,8 млн. теңге субсидия.
2018 жылы қаржы институттары арқылы 238 бас ірі қара және 17 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 77,6 млн.теңге несие және лизинг бөлінді.
2018 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтері 2,7 мың тонна ет және 1,6 мың тонна сүт, 176 тонна көкөніс және 73 тонна дәстүрлі емес және бақша дақылдарын 2,0 млрд. теңгеден астам сомаға өндірді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанында кооперативтер 366,1 тонна ет, 138,0 тонна сүт өнімдерін, 4,8 мың дана жұмыртқа және 436,6 млн.теңгеге дәстүрлі емес мақсаттағы 3 тонна өнім өндірді.

Субсидиялау түрінде мемлекет көрсететін қолдауды ескере отырып, 2022 жылға дейін кооперативтер өндіретін өнім көлемін 3,3 мың тоннаға дейін және 2,1 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Облыстың барлық аудандарында ет, сүт кластерін дамытуға бағытталған якорлық шаруашылықтарды құру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Аудан әкімдерімен осы бағыттағы жұмыс үшін 18 шаруашылық белгіленді.
Осы мәселені талқылау барысында депутаттар өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.