• 111119

    2019 жылдың 8 қарашасында депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

  • 061119

    Депутаттық Жұмыс тобының, облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті

  • 311019

    Сәния Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

  • 251019-2

    2019 жылдың 25 қазанында облыстық мәслихаттың депутаттық Жұмыс тобы мен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті

  • 251019

    2019 жылғы 24 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2019 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

3. Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы.

Хабарламашы: М.Е.Абдуллин – Ақтөбе қаласының әкімі

4. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

37session2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың депутаттарының қарауына Ақтөбе облыстық әкімдігімен «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» мәселесі енгізілді. Аталған мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Серікұлы Аманов хабарлама жасады.


1) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынған, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, бастапқы тұрғын үйді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеке меншікке сатып алу үшін, әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде;
2) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынған, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша бастапқы тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу үшін, әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде айқындалады.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеден аспайды.
Депутаттарының қарауына тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары енгізілді, олар:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18445 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №154 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде анықталатын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарда қызмет ететін қажетті мамандар жатады.
Қорытындысында құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссияның төрағасы Ілиясов Хайдар Жадитұлы сөз сөйледі, ол жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын ақтөбеліктердің ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуы кезінде әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде қолдау ретінде ұсынатынын атап өтті.
Тұрғын үй сертификаттарын беру жергілікті бюджеттерде көзделген тиісті қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Аталған мәселе бойынша Ақтөбе облыстық мәслихаты шешім қабылдады.