• 051019

    2019 жылғы 1 қазанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 38 сессия

    2019 жылғы 20 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 200919

    2019 жылғы 16 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919-2

    2019 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919

    2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті

  • Послание Президента

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясының баспасөз-хабарламасы

35session2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен депутат Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10- желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. Ол Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау шеңберінде, келесі мақсаттарға қаржы қаралғаның айтты:


Жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту мақсатында, «Нұрлы жер» бағдар-ламасыбойынша Ақтөбе қаласында және Ойылда салынып жатқан үйлерге инженерлік желі тарту мен абаттандыруға - 220,0 млн.тг., Қандыағаш қаласындағы жатақ-хананы 90 пәтерлі тұрғын үйге реконструкциялауға - 100 млн.тг. бөлінеді.
200 млн.тг. - атаулы әлеуметтік көмекке.
Денсаулық сақтау саласында:
250 млн.тг. - 200 орындық облыстық перинаталдық құрлысына және 250 млн.тг. - инженерлік желі тартуға;
40,0 млн.тг. – Ақтөбе облыстық ауруханасының төртінші қабатын жаңғыртуға, 10,0 млн.тг. - жоғары вольтты желі құрлысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге;
38,6 млн.тг. – Ырғыз, Әйтеке би және Алға ауданында үш әлеуметтік нысанды газдандыруға;
12,3 млн.тг. - Туберкулез ауруларына арналған Әйтеке би хосписінің газ қазандығын жөндеуге;
1,5 млн.тг. - Кеңқияқ ауылдық ауру-ханасының ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттамаәзірлеуге;
19 млн.тг. - Қобда ауданы Ақырап дәрігерлік амбулаториясын және үш денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге;
10,8 млн.тг. – «Шағала» шипажайының кәріздік-сорғы станциясын жөндеуге;
36,9 млн.тг. - Ақтөбе медициналық орталығына үш ауруханалық лифт сатып алуға;
27,5 млн.тг. - Темір қаласындағы дәрігерлік амбулаторияға медициналық құрал-жабдықтар және Шұбарши дәрігерлік амбулаториясына санитарлық автокөлік сатып алуға;
9,0 млн.тг. - Байғанин аудандық орталық ауруханасына төрт жылу қазандығын сатып алуға бөлінеді.
Білім саласында:
218 млн.тг. – жеке балабақша қызметкерлерінің жалақысын 1 маусымнан бастап 30%-ға дейін арттыруға;
50 млн.тг. - Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектептің қосымша құрылысына;
123,9 млн.тг. -5-7 сыныптар оқушыларына арналған хрестоматияжәне облыстық ұйымдарға кітаптар сатып алуға;
35 млн.тг. - Ырғыз ауданында іске қосылған әлеуметтік нысандар үшін дизель отынын сатып алуға;
8,1 млн.тг. - жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға қосымша 30 грант бөлінеді.
Спорт және мәдениет саласында:
500 млн.тг. - республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысуға;
68,5 млн.тг. - мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және емдеу үшін, ат қорасы бар жабық манеж құрылысына;
22 млн.тг. - Қос-Естек ауылында 150 орындық ауыл клубы құрылысын аяқтауға;
10,9 млн.тг. - Қандыағаш қаласында, Кеңқияқ және Шұбарши ауылдарында үш дене шынықтыру кешенінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге;
41 млн.тг. -олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу аясында іс-шараларға;
35 млн.тг. - спортшылар мен тренерлерге ақшалай қаражат төлеуге;
20 млн.тг. – спорт кешенін материалдық-техникалық қамтуға;
94,4 млн.тг. –2019-2021 жылға арналған «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыруға;
14,1 млн.тг. - Облыстық халық шығармашылық орталығына, күрделі жөндеу және ағымдағы шығындарға бөлінеді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндешағын және орта бизнесті қолдауға:
266,0 млн.тг. - кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау және кепілдендіруге бөлінеді;
34,2 млн.тг. – Ақтөбе қаласында жазғы аквапаркі бар ойын-сауықкешеніне сыртқы инфрақұрылым жүргізуге;
50 млн.тг. - аудандар бойынша скрининг талдау өткізуге бөлінеді.
Президент Қасым-жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары нәтижесінде, бірқатар экологиялық мәселені шешу жөнінде хат-тамалық тапсыр-масын орындау мақсатында қаржы қаралды:
50 млн.тг. – «Шалқар көлінің түбін тазарту» жобасына жобалық сметалық құжаттама дайындауға;
80,0 млн.тг. – «Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрлыстарын жаңғырту» жобасына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге.
Депутаттар "Шалқар ауданы Шалқар көлінің түбін тазарту" жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, қаладағы және ауылдық елді мекендердегі балабақшалар үшін мемлекеттік тапсырыс құнын арттыруға, колледждерде жаңа қажетті мамандықтар бойынша оқытуды енгізу үшін оқулықтар сатып алуға, қаланың жаңа шағын аудандарында салынып жатқан жолдардың сапасына, 12 шағын аудандағы тұрғын үйлердің кәріздік желілерін жөндеуге және тағы басқа мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Аркадий Юрьевич Ни сөз берілді. Ол бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына атқарушылық тәртіпті жақсарту, жауапкершілікті арттыру, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ұсынылған бюджеттік өтінімдер мен шығыстарды жоспарлау сапасын қатаң бақылау, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз ету қажет екенің атап өтті.
Одан басқа сессия отырысында «Ақтөбе қаласындағы стационар жағдайында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша қызметті ұсыну» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданып, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы Ережені келісу туралы» мәселесі қаралды.
Сессияда №8 Пацаев сайлау округінен депутат Д.А.Довматенконың депутаттық сауалы жария етілді.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясында 5 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.