• 40 сессия

    2019 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 111219

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 061219

    Ақтөбе облыстық филармония - 75 жыл

  • 051219

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-4

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-3

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясы 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы.
3. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

4. Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы.

Хабарламашы: Г.Т.Төлебаева – тілдерді дамыту басқармасының басшысы

5. «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Хабарламашы: Н.С.Қалауов – облыс әкімі аппаратының басшысы

6. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы.
7. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.

Хабарламашы: Ә.Ә.Қалиев – денсаулық сақтау басқармасының басшысы
8. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-де электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

2406192019 жылғы 21 маусымда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Ақтөбе облысында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жұмысы туралы» мәселесі бойыншаАқтөбе облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы- Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс аумағында 3000 – нан астам өрт тіркеліп, материалдық залал 323 млн теңгеден астам, өрттің қауіпті факторларынан 98 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.
2019 жылдың 5 айында 563 өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 410объектіде 1,9 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 381 адам тартылды.
Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында және автокөліктеорын алып отыр. Өрттің пайда болуының негізгі себептері: отты абайсыз қолдану-1,5 мың өрт, өрт электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу 1000 өрт, қасақана өртеу 106, балалардың отпен ойнауы 100 өрт.
76,3%объектілер мен тұрғын үй секторында Департамент мемлекеттік бақылауды жүзеге асырмауына байланысты, барлық қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып, кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде: БАҚ-та 306 сөз сөйлеу, ескерту сипатындағы ақпараттар Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан лэд экрандарда, қоғамдық көліктерде және ірі саудаойын-сауық кешендерінде орналастырылған, халық арасында әлеуметтік желілердің қосымшаларын танымал ету тендециясы аясында ұзақтығы 3 минуттан аспайтын 17 қысқа метражды промороликтер әзірленді, әлеуметтік тәуекел тобындағы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша 7 мыңнан астам рейдтер жасалды және т.б.
Сонымен қатар, Б.М.Сыздықов облыс аумағында өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шешімін талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды. Олар: 1. Ақтөбе облысының аумағын өрттен қорғау үшін қолданыстағы нормаларға сәйкес 31 өрт сөндіру депосы болуы қажет, қазіргі уақытта тек 20 ғана бар, 11 қажет.«Нұр-Ақтөбе» тұрғын-үй алабы аумағында адамдар көп болатын тұрғын үйлер мен объектілердің белсенді құрылысына байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 4 шығуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы қажет. 2. Көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында неғұрлым өрескел бұзылулармен үйлердің аулаларына кіреберістердің әртүрлі кедергілермен жабылуықиындықтар туғызуда; 3. Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану; 4. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағында тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады деп айқындалған. Алайда, осы бақылау қазіргі уақытта жүзеге асырылмай отыр; 5. Ақтөбе қаласының аумағында өрт қауіпті сәндік қаптамасы бар тұрғын және басқа да мақсаттағы бірқатар объектілер орналасқан.Бұл өрттің жоғарғы қабаттарға сыртпен таралуына бірнеше рет әкеліп соғадыжәне т.б. мәселелер.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

Дәл осы күні, №19Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысында«Дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға дайындық туралы» мәселесі қаралды. Ол бойынша «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы- Жанболат Болатұлы Куртаев хабарлама жасады. Ол қабылданған алдын алу шараларының арқасында өткен жылмен салыстырғанда табиғи жанудың жалпы саны 33,5% - ға төмендегенін, оның ішінде дала өрттерінің саны 5 есеге азайды, дала өрттерінің өткен алаңы 25 есеге қысқарғаның айтты.
Ағымдағы жылы өрт сөндіру кезеңінде 60 млн.373 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қарастырылған, оның ішінде 6 млн. 500 мың ғарыштық мониторинг қызметіне.
Проблемалық мәселелердің бірі ерікті өртке қарсы құралымдардың жеткіліксіз жарақтандырылуы, сондай-ақ оларды мамандандырылған оқу орталықтарында даярлауды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орталықтарда 1779 ерікті өрт сөндірушілер оқытылды, бұл жалпы санның 60,5%-ын құрады, өрт мотопомпаларымен жарақтандырылуы 53,2% - ды, арнайы киіммен-28,9% - ды, аспалы өрт сөндіргіштермен -36,0%-ды құрайды. Ерікті өрт сөндірушілердің нашар жабдықталуы мен үйренбеуі адамдардың жарақаттануына және қаза табуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Негізгі міндеті шалғай елді мекендерді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету болып табылатын өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес 25 өрт сөндіру бекетін құру көзделген, оның 11-і қазіргі уақытта құрылды, ал жақын арада 14-і құру жоспарлануда.
Ж.Б.Құртаев өрт сөндіру бекеттерін құру Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасының «ТЖ қарсы тұру инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізудің негізгі критерийлерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.