• 40 сессия

    2019 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 111219

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 061219

    Ақтөбе облыстық филармония - 75 жыл

  • 051219

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-4

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 031219-3

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Іс-шаралар


Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясы 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы.
3. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

4. Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы.

Хабарламашы: Г.Т.Төлебаева – тілдерді дамыту басқармасының басшысы

5. «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Хабарламашы: Н.С.Қалауов – облыс әкімі аппаратының басшысы

6. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы.
7. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.

Хабарламашы: Ә.Ә.Қалиев – денсаулық сақтау басқармасының басшысы
8. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-де электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессиясының баспасөз хабарламасы

34session2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы №23 Қандыағаш сайлау округінен депутат Бөріхан Сматоллаұлы Беркімбаевтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудан мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның негізгі мәселесі «2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі».


«2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасымен» облыстың қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сағынқызы Сисенова хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, түсімдер бойынша облыстық бюджет жыл ішінде 5 (бес) рет өсу нақтыланып, 13 млрд. 535,2 млн.теңгеге ұлғайтылды және ол 167 млрд. 971,4млн.теңгеге немесе 100,5% орындалды.
2017 жылмен салыстырғанда оң өсу қарқыны байқалады және ол 105,5% құрайды.
Кірістердің түсімі негізінен 38 млрд 307,4 млн.теңге (22,9%) салықтық төлемдерден, 4 млрд 129,7 млн.теңге (2,5%) салықтық емес түсімдерден, 144,7млн.теңге (0,1%) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден және 108 млрд. 693,7 млн.теңге (65,0%) трансферттерден құралды.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 43 681 506,0 мың теңгеге нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде, білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге, жылу-энергетика жүйесін дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бөлінді.
Екінші болып «2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы» Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы хабарлады. Оның айтуы бойынша, тексеру комиссиясымен жүргізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудағы қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануы, бюджеттік бағдарламаларды толық игере отырып тікелей және түпкі нәтижелердің жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі анықталды.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Аркадий Юрьевич Ни сөз берілді. Ол берілген Есептерде облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына талдау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, Ақтөбе облысының аумағын дамыту бағдарламасында баяндалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша қызметті жүзеге асыру көрсетілгенін атап өтті.
Жалпы өңір экономикасын дамытудың жоспарланған көрсеткіштерінің көпшілігіне қол жеткізілді. Осының барлығы облыстық бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттылығын сақтауға мүмкіндік берді, олар 2018 жылы 59 млрд 181,4 млрд теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 35,4 пайызын құрады.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының назарын бірқатар шешілмеген мәселелерге аудару қажет.
Негізгі мәселелердің бірі шығындарды оңтайландыру және қаражатты үнемдеу бойынша жүйелі шаралар қабылдау, тиімсіз және уақтылы емес шығыстарды болдырмау болып табылады. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың себептері ретінде сапалы бюджеттік жоспарлау жеткіліксіздігі, облыстық басқармалардың бюджеттік бағдарламаларын қажетті үйлестірудің жоқтығы байқалады.
Сондай-ақ, салықтық әкімшілендірудің жеткіліксіздігіне назар аударды, соның нәтижесінде бересі сомасы 1 млрд.584 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,9 пайызға артты.
2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы бақылау іс-шараларының нәтижелері, бұзушылықтардың себептері бірінші кезекте, мемлекеттік органдар басшылары тарапынан бюджеттік өтінімдерді дұрыс жасау (бұл бюджет жүйесі қағидаттарын сақтау) үшін тиісті бақылаудың болмауы, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша қаржы қаражатын тиімді игеруді қамтамасыз ететін қаражатты жұмсау бойынша нақты қаржыландыру жоспарының болмауы болып табылатынын көрсетті.
Бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында облыс әкімдігі бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі мемлекеттік мекеменің әрбір басшысы қызметінің тиімділігін дербес бағалау жөніндегі жұмысты жандандыруы, кредиторлық және дебиторлық берешектерге жол бермеуі, сондай-ақ коммуналдық меншікті тиімді басқару жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет (Сөз пайдалануға тапсырылған объектілерді уақтылы балансқа қабылдау туралы болып отыр).
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің басшылары – облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы, бюджет қаражатының тиімді игерілуі мен ұтымды пайдаланылуына мониторинг жүргізуі қажеттігін көрсетті. Атқарушылық және қаржылық тәртіпті нығайтуға, жеке жауапкершілікті арттыруға және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі қызметті жақсартуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.
Облыс бойынша Тексеру комиссиясының қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қысқарту мақсатында бюджет қаражатының тиімді игерілуіне және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар мен бақылау объектілеріне жіберілген нұсқамалар мен ұсынымдардың орындалуына мониторинг және бақылау жөніндегі қызметті жандандыру, тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау іс-шараларының нәтижелерін, бұзушылықтарға жол берген басшылардың аттарын көрсете отырып жариялауды қамтамасыз ету, анықталған қаржылық бұзушылықтарды жүйелеу және осы проблеманы шешу жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және нақты ұсыныстар енгізу қажет.
«Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а. Н.Д.Аспенов хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, қоғамдық әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қол жетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау мақсатында 22 атау енгізілді.
Одан басқа сессия отырысында «Хромтау ауданының Хромтау қаласында 320 орындық бала-бақша салу және техникалық қызмет көрсету», «Ақтөбе қаласында Мұз сарайын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданды.
Сессияда №2 Алтынсарин сайлау округінен депутат К.Кенжебаевтың және №16 Әйтеке би сайлау округінен депутат А.Ф.Чемодановтың депутаттық сауалы туралдарын жария етті.
Облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртнші сессиясында 18 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.