• 120719

    2019 жылғы 12 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 35 сессия

    2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 280619

    Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270619

    Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 240619

    Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 34 сессия

    2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

1206192019 жылғы 11 маусымда, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
«Жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтендіру бойынша жол картасының іске асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Жеткергенұлы Күнтуов баяндады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 3281 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 29 жасқа дейінгі 28 700 жастар мен жас отбасылар тұрғын үй кезегінде тұр. Осы мақсатта Ақтөбе қаласында жаңа арнайы бағдарлама жүзеге асуда. Биыл бағдарламаның бірінші сатысында алғашқы 100 пәтер пайдалануға берілді.
Облыстық мәслихат хатшысының және депутаттардың араласуымен "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ 44 жетім баланың есепшотына 350 мың теңгеден қаржы аударып, пәтер алуға жәрдемдесті. Жалпы аударылған қаржы 14 млн. теңгеге жуық.
Сонымен қатар, «ҚазақОйл» компаниясы өткен жылы 6 жетім баланың есепшотына 3 млн. теңге қаражат аударып, пәтер алуға көмек берді.
Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында биылғы жылы жастардың Стартап жобаларына 40 млн. теңге қаржы бөлініп, 8 мыңнан астам жас кәсіпкерлік саласындағы түрлі шаралармен қамтылады. 300-ден астам жас шағын несие, грант алып, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алады.
2018 жылы Дүниежүзілік Даму Банкі қолдауымен осал топтағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Zhas Project» жобасы жақсы нәтиже берді. Жоба аясында 165 әлеуметтік жастың жобасы қаржыландырылды.
Студенттерді жұмыспен қамту мақсатымен "Дипломмен ауылға!" жобасы аясында 2018 жылы ауылдық жерлерге 603 маман тартылып, жалпы соммасы 634 633,6 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие берілді. Оның ішінде, 149 адамға жалпы сомасы 473 429,7 млн.теңге болатын бюджеттік несие ұсынылды. 2019 жылға "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы аясында 1 159 млн.теңге бөлініп, 595 жас маманды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жобасы аясында 2019 жылдың 1 cәуір бойынша ауылдық жерлерге 146 маман тартылып, жалпы соммасы 63 791,7 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.
Жастар жылы аясында облыста 22325 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде тұрақты жұмысқа, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, «Жасыл ел» жасақтарына орналастырылады.
2019 жылдың І тоқсанында барлығы жұмыспен қамтылған 3705 адам 16-29 жас аралығындағы жастарды құрайды немесе 45,6%.
Сонымен қатар, "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілген 16-29 жас аралығындағы жастардың саны – 183 адамды құрады немесе 40,8%.
Сонымен қатар, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың наурызында Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында, өңірдегі жоғарғы оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, білім имиджін көтеру, оқу орындарында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселелері қаралды.
Кездесу барысында өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы меморандумдарға қол қоюымен жалғасып, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС, "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС, "ТД Фотон" ЖШС, "Қазақстан мұнай жабдықтары" ЖШС, "ПО Глобал-спецодежда" ЖШС мен "Қазхром" ТҰК" АҚ кәсіпорындары 100-ден астам түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету міндеттерін қабылдады.
Өңірде жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру қамтамасыз етуге ықпал ету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобаларға гранттар санын арттыру, жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіруді қамтамасыз ету бойынша Жол картасымен жұмысты жандандыру, жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына тұрақты талдау жасау, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерімен, облыстық басқармалармен және т. б. бірлесіп белсенді жұмыс жүргізу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.
Сонымен қатар депутаттар комиссия отырысында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Т.Төлебаеваның «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округін Бершүгір ауылдық округі деп қайта атау туралы» мәселесін және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы №281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын қарастырды. Ол бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.О.Отаров хабарлама жасады.
Қорытындысында, комиссия аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы қабылдады.

***
Дәл осы күні, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысында «Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу және «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 «Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы мәселелері қаралды. Мәселелер бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Сәрсембай және облыстық табиғи ресупрстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Аққұл хабарлама жасады.
Қорытындысында, комиссия аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы қабылдады.