• 37 сессия

    2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 260719

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы

  • 190719

    2019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 36 сессия

    Сәрсенбі, 17 шілде күні облыстық мәслихаттың сессиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 35 сессия

    2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 34 сессия

    2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2019 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы».

Хабарламашы: Д.С.Аманов - облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

0204192019 жылдың 2 сәуірінде №21 Қарғалы сайлау округінің депутаты – Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


Ветеринарлық және фитосанитарлық (карантиндік) қауіпсіздік мәселелері туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы К.Қ.Қанадбаев және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембай баяндама жасады.
К.Қ. Қанадбаев 2018 жылға бекітілген жоспар толығымен орындалғанын айтты. Сібір жарасына қарсы 1 597 743 бас, пастереллезге қарсы 102560 бас, құтырмаға қарсы және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы 99080 бас егілгендігін баяндады.
Бруцеллез және туберкулез сияқты созылмалы жұқпалы ауруларға қарсы күрес бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар жануарлар ауруларының алдын алуға және адамдардың осы инфекцияларды жұқтыруына жол бермеуге бағытталған.
2018 жылы бруцеллезге 604 527 бас ірі қара мал зерттелді, жұқтыру 0,4% құрайды, өткен жылмен салыстырғанда жұқтыру 0,6%-дан 0,4%-ға дейін төмендеді.
Ұсақ мүйізді мал 1 530 193 бас зерттелді, залалдануы 0,06%, өткен жылмен салыстырғанда залалдану 0,1%-дан 0,06%-ға төмендеді.
Бруцеллезге оң нәтиже берген барлық мал басы анықталуына қарай санитарлық союға, ет өңдейтін кәсіпорындарға тапсырылады.
Облыс бойынша жануарларды есепке алу жүйесі жүргізілуде, яғни ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізіледі. Бірдейлендіру жануарлардың орнын ауыстыруға және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың эпизоотиялық саулығын және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринарлық алдын алу іс-шараларын жүргізуге бақылаудың негізі болып табылады.
Барлық сәйкестендірілген мал басы компьютерлік базаға енгізілген. Бүгінгі күні 449 305 бас ірі қара, 943 355 бас қой мен ешкі, 135 794 бас жылқы, 17 632 бас түйе және 59 794 бас шошқа ИСЖ компьютерлік базасына енгізілді.
2019 жылғы жағдай бойынша Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 61 мал сою нысаны жұмыс жасайды (5 ет өңдейтін кәсіпорын,17 мал сою пункті, 38 мал сою алаңы).
Жыл басынан бері арнайы бөлінген объектілерде 4100 бас ірі қара мал, 2708 бас қой-ешкі, 1208 бас жылқы, 62 бас түйе, 12684 бас шошқа сойылды, барлық ұшалар ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтті.
Аудандар мен Ақтөбе қаласының аумағында 43 үлгілік және 128 мал көмінділері тіркелген.
Қ.І.Сәрсембай Ақтөбе облысының аумағында үш карантиндік нысан: жатаған у кекіре, дала арам сояулары, қызынақ күйесі тіркелгенін хабарлады.
2018 жылы карантиндік объектілермен күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында агроқұрылымдардың қатысуымен 8 семинар өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мақала жарияланды, 199 ұйғарым шығарылды.
Жыл сайынғы химиялық өңдеулердің сапалы жүргізілуіне байланысты және көктемгі - жазғы тексерудің нәтижелері бойынша 4 007,5 га алаңда жатаған у кекіре ошақтары анықталған жоқ, яғни 34,2%-ға азайды.
2018 жылы облыс бойынша 7 209,5 га жерге жатаған у кекірені жою жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 556 га Мемлекеттік жер қорында.
«Фитосанитария» РМК мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, ал ауыл шаруашылығы құрылымдары өз қаражаты есебінен «Жойқын» гербицидтерімен 3 326,5 га алаңда химиялық өңдеу және 3 327,1 га жерге агротехникалық іс-шаралар жүргізді.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ҚР АШМ АӨК КГИ-дің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылға карантиндік объектілерді анықтау мақсатында 192 370 га алаңда зерттеулер жүргізу жоспарлануда, онда 7 698,0 га алаңда жатаған у кекіреге қарсы, 1,3 га дала арам сояуларына қарсы, 3,5 га қызынақ күйесіне қарсы химиялық жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Облыс аумағына басқа шет мемлекеттерден және басқа облыстардан карантиндік объектілердің және басқа да түрлердің енуіне жол бермеу мақсатында карантиндік объектілер қатаң бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта облыста карантиндік фитосанитариялық жағдай тұрақты.
Сонымен қатар басшы 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Осы мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, өз ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді. Қарау қорытындысы бойынша комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Екінші сұрақ бойынша, яғни әлеуметтік маңызы бар азық –түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының м.а. А.А.Көкеев және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембай баяндама жасады.
Облыс әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №579 қаулысымен (2019 жылғы 12 наурыздағы №100 қаулымен енгізілген өзгерістерді ескере отыра) Ақтөбе облысында 2019 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні бекітілген.
Бағаның негізсіз өсуін тоқтату бойынша пәрменді және тиімді құралдардың бірі бөлшек сауда кәсіпорындарымен, көтерме сатушылармен және өндіруші кәсіпорындармен меморандумдар жасасу болып табылады, мәселен 2019 жылы облыс бойынша барлығы 700-ден астам меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған меморандумдар шеңберінде ірі сауда желілері («Анвар», «Дина», «Сапа маркет») әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 атауына тауардың кіріс бағасының 10%-ынан аспайтын сауда үстемесін қолдануды шектейтін міндеттемелер қабылдады.
Сондай-ақ, сауда желілері отандық тауар өндірушілердің өнімдерін басым тәртіппен сатуды қамтамасыз ететін шаралар қабылдады.
Облыстың жергілікті тауар өндірушілері өз кезегінде облыстың ішкі нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз етудің басым тәртібі туралы міндеттеме алды.
Алайда, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шараларға қарамастан жүргізіліп жатқан жұмыста кемшіліктер бар.
2019 жылғы 29 наурызда Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері және депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауына мониторинг жүргізген болатын. Нәтижесінде Ақтөбе қаласының сауда нүктелеріндегі бөлшек сауда бағалары 2019 жылдың 1 тоқсанына белгіленген шекті баға мөлшерінен асып түскенін көрсетті.
Мәселен, бөлшек сауда бағалары мынадай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша белгіленген шекті мәндерден асып түсті:
- «Алтай» базарында бағалар мынадай 14 атау бойынша шекті мәндерден асады: І сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, тегістелген күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, ақ қант, тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт, майлылығы 2,5% айран, сары май, І және ІІ санаттағы тауық жұмыртқасы және ас тұзы.
- «Дина» сауда желісінде бағалар мынадай 11 атау бойынша шекті мәндерден асып түседі: І сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, сәбіз, пияз, қырыққабат, өсімдік майы (күнбағыс), тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт, сары май, І және ІІ санатты тауық жұмыртқасы және ас тұзы.
- «Анвар» сауда желісінде бағалар мынадай 11 атау бойынша шекті мәндерден асып түседі: І сұрыпты бидай ұны, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт, сары май, І және ІІ санаттағы тауық жұмыртқасы, ас тұзы және майлылығы 5-9% сүзбе.
- Орталық базарда бағалар мынадай 10 атау бойынша шекті мәндерден асады: 1 сұрыпты бидай ұны, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, сиыр еті, тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт, сары май, I және II санатты тауық жұмыртқасы.
- «Табыс» коммуналдық базарында бағалар мынадай 7 атау бойынша шекті мәндерден асады: сәбіз, пияз, қырыққабат, тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт, сары май, I және II санатты тауық жұмыртқасы.
Осы мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, өз ескертулерін айтып, облыс әкімінің бірінші орынбасары, тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі штаб төрағасы М.Е.Абдуллинге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша барынша мұқият мониторинг жүргізу және жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін асырғаны үшін сауда қызметінің субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тиісті қаулы қабылдады.