• 260419

    2019 жылғы 26 сәуірде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 280319

    Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

  • 190319

    18 наурызда «Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» мерекелік шарасы өткізілді

  • 130319

    Тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

  • 050319

    2019 жылғы 01 наурызда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 210219

    2019 жылғы 21 ақпанында облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

2102192019 жылғы 21 ақпанында облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының жалпы отырысы №24 Ембі сайлау округінен депутат Такталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімнің орынбасары М.Е.Абдуллин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.

Оның айтуынша, "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қабылданған, халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін арттыру және қолданыстағы бағдарламалар арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізуді көздейтін бағдарлама.
«Нұрлы жер» бағдарламасының бағыттарының бірі мемлекеттік бағалы қағаздарды шығара отырып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту арқылы жергілікті атқарушы органдармен кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын салу болып табылады.
2016-2018 жылдары Ақтөбе облысында 65 тұрғын үй құрылысына жалпы көлемі 22,0 млрд. теңге мемлекеттік облигациялар шығарылды, бұл жалпы ауданы 263,9 мың шаршы метр 4121 пәтерді құрайды.
Оның ішінде бүгінгі күнге 38 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2780 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді немесе 179,0 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.
Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің өзектілігін ескере отырып, осы жылы қалған 27 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау қажет, бұл жалпы тұрғын алаңы 84,9 мың шаршы метр, 1341 пәтерді құрайды.
Осы мақсаттар үшін 5,6 млрд. теңгеге мемлекеттік облигациялар шығару қажет.

Сонымен бірге сессия отырысында облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №226 «Ақтөбе облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.