• 260419

    2019 жылғы 26 сәуірде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 280319

    Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

  • 190319

    18 наурызда «Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» мерекелік шарасы өткізілді

  • 130319

    Тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

  • 050319

    2019 жылғы 01 наурызда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 210219

    2019 жылғы 21 ақпанында облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

1902192019 жылғы 18 ақпанда, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


Облыс әкімінің орынбасары Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының 2018 жылы іске асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жылдық жоспар 870,0 мың ш. метрді құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 908,6 мың ш.метр тұрғын үй (7875 пәтер) пайдалануға енгізілді (өсім 14,7%), оның ішінде:
-89,3 мың.м2 немесе 1317 пәтер кредиттік тұрғын үйлер;
-7,9 мың.м2 немесе 70 пәтер кредиттік жеке тұрғын үйлер;
-9,3 мың.м2 немесе 120 пәтер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер;
-5,2 мың.м2 немесе 57 пәтер ЖБ есебінен жалдамалы тұрғын үйлер;
-44,1 мың.м2 немесе 566 пәтер «ҚИК» АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үйлер;
-29,5 мың.м2 немесе 356 пәтер «Самрұқ-Қазына» АҚ арқылы тұрғын үйлер;
-430,6 мың.м2 немесе 2617 пәтер халық қаражатының есебінен жеке тұрғын үйлер;
-292,7 мың.м2 немесе 2772 пәтер коммерциялық тұрғын үйлер.
Жалпы 7875 пәтер салынды, оның ішінде 2617 жеке тұрған үйлер және 5258 көппәтерлі үйлердегі пәтерлер.
2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 69,3 млрд.теңге инвестиция тартылған, соның ішінде 11,6 млрд.теңге мемлекеттік қаражаттар.
С.Т. Төленбергенов өз баяндамасында 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына РБ және ЖБ 7246,9 млн.теңге көлеміндегі қаражат қарастырылғаның айтты, оның ішінде РБ 5131,9 млн.теңге және ЖБ 2115,0 млн.теңге. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаражаттар толығымен игерілді. Жылдың қорытындысы бойынша 415 шақырым инженерлік желілер пайдалануға енгізілді.
Сонымен қатар С.Т.Төленбергенов 2019 жылға арналған міндеттерге тоқталып кетті. Оның айтуы бойынша мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес көптеген отбасын тұрғын үймен қамту және 2030 жылы бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізу қажет. Бұл мақсатта жыл сайын тұрғын үйді іске қосу көлемін 8-10% деңгейде қамтамасыз ету керек.
ҚР Премьер Министрі және Ақтөбе облысының әкімі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2019 жылға арналған жоспар 939,5 мың шаршы метрді құрайды.
Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу келесідей бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының есебінен жоспарланған:
- 108,5 мың м2 «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы ЖАО құнды қағаздарын шығару жолымен кредиттік тұрғын үйлер немесе 1656 пәтер (бұл "Нұр Ақтөбе" т/массивіндегі 3-4 қабатты және 9 қабатты тұрғын үйлер);
- 24,0 мың м2 Ақтөбе ӘКК арқылы кредиттік тұрғын үйлер немесе 305 пәтер ( бұл «Батыс-2» ауданындағы екі 5-қабатты тұрғын үйлер);
- 18,5 мың м2 сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер немесе 256 пәтер ( бұл Ақтөбе қаласы және Хромтау, Мәртөк аудандарындағы 4-9 қабатты тұрғын үйлер);
- 5,0 мың м2 жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер немесе 60 пәтер (бұл облыстың Қобда, Мұғалжар, және Ойыл аудандарындағы 1,2,8 пәтерлі тұрғын үйлер);
- 353,0 мың м2 коммерциялық тұрғын үй немесе 2950 пәтер (бұл «СК Актобе» ЖШС, «Нектар» ӨК, «Заводсветотехника» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «Сконур» ЖШС, «Сафина» ТҮҚК, , «Керемет уй» ТҮҚК, «Квартира 04» ТҮҚК, «СМП Групп» ЖШС және т.б. құрылыс салушылардың "Батыс" т/массивіндегі КПТҮ)
- 430,5 мың м2 жеке тұрғын үйлер немесе 2800 пәтер тұрғындар есебінен.
Сонымен қатар, депутаттар комиссия отырысында облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін қарады. Аталған мәселе бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Ж.Иманалин хабарлама жасады.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары қолжетімді баспанамен қамту және үйлердің сапасы, тұрғын үй алу кезектері, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына енгізу жөнінде қаулы қабылдады.