• 34 сессия

    2019 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 140619

    2019 жылғы 13 маусымда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 120619

    2019 жылғы 11 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 260419

    2019 жылғы 26 сәуірде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 190419

    Тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

  • 280319

    Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комисссиясының отырысы 2019 жылғы 26 маусымда сағат 15.00-де облыстық мәслихаттың мәжіліс залында (екінші қабат, 201 бөлме) өтеді:

Күн тәртібі:

1. Ақтөбе облысының елді мекендерінде жасыл екпелерді түгендеу туралы.

Хабарламашылар: Н.Б.Аққұл - табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Ж.Т.Бисембин – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары

Н.Ж.Иманалин - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою және өңдеу мәселелері туралы.

Хабарламашылар: Н.Б.Аққұл - табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Ж.И.Иманқұлов - Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова

 

«Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасына баспасөз-хабарламасы

«Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестендіру мақсатында қабылданады.


Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3836 тіркелген, 2014 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы сайтта орналастырылған, http://aktobeoblmaslihat.kz
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылғы 1 ақпанда №01-1/19 ұсынылған.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2019 жылғы 15 қаңтарда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған. Жария талқылау мерзімі 2019 жылдың 29 қаңтарында аяқталды. Қараушылар саны - 16, пікірлер жоқ.
Сайтта жарияланған: http://aktobeoblmaslihat.kz
Тікелей тарату: http://aktobeoblmaslihat.kz/ru/node/66217