• 080119

    2019 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің І «Самғау» Форумы өтеді

  • 201218

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы

  • 111218

    Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 041218

    Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

  • 281118

    Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

  • 271118

    Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясының баспасөз хабарламасы

0911182018 жылғы 09 қарашада облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының жалпы отырысы №19 Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманованың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға Қоғамдық Кеңестің мүшелері,облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Олжас Мұхтарұлы Смағұлов қатысты.


№23 Қандыағаш сайлау округі және №29 Хромтау сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Насанқызы Күнбаева хабарлады. №23 Қандыағаш сайлау округінен Беркімбаев Бөріхан Сматуллаұлы, №29 Хромтау сайлау округінен Багаутдинов Шамиль Агламутдинович сайланды. Оларға депутаттық куәлік пен төс белгі тапсырылды.
«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады. Ол облыстық бюджеттің нақтылануына шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 2 236 349,0 мың теңге, олар:
- білім басқармасы –1 175 048,0 мың теңге (Ақтөбе қаласы бойынша 2017-2018 жылдары жаңадан енгізілген 11 мектепті қамтамасыз ету,мектепке дейінгі мемлекеттік тапсырысты орналастыруға және т.б.);
- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 174 037,3 мың теңге (облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөндеуін ортақ қаржыландыру, әлеуметтік маңызы бар «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» темір жол бағытын субсидиялау);
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 355 235,7 мың теңге («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешеніндегі 9 қабатты 6 тұрғын үй инженерлік желілерінің құрылысы, 300 төсек орындық облыстық аурухананың ғимаратындағы 6 төсек орындық кардиореанимациялық залдың қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыру және т.б.);
- кәсіпкерлі басқармасы – 116 000,0 мың теңге және т.б.
Сонымен бірге, сессия отырысында депутаттар Серік Шангерейұлы Орынбаевті және Мирбулат Төлеуұлы Райымқұловті Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалуы бойынша шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.