• 111218

    Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 041218

    Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

  • 281118

    Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

  • 271118

    Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы

  • 231118

    2018 жылғы 23 қарашада «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы туралы» мәселесін қарау бойынша облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік - мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

  • 211118

    Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияларының отырысы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

280918-12018 жылғы 28 қыркүйекте, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«Ақтөбе облысындағы паллиативтік көмектің жағдайы және оның даму келешегі» мәселесі бойынша Әсет Әскерұлы Қалиев – денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлама жасады.
Паллиативті көмектің негізгі міндеттері: талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату; науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыстарына психологиялық қолдау көрсету; адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру және т.б. болып табылады.Паллиативті көмек көрсетуге арналған стационарлық ұйымдар жалпы бейінді ауруханалардың базасында орналасқан хоспистер, паллиативті көмек бөлімі (палаталар) болып табылады, сонымен қатар әлеуметтік қорғау стационарлық ұйымдары бар.
Ақтөбе облысында 2014 жылғы 1-наурызнан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің Медициналық Орталығында ересектер үшін 20 төсектік паллиативтік көмек бөлімшесі жұмыс істейді. Бұл бөлімше қала және облыстағы паллиативтік көмекке мұқтаж онкологиялық науқастарға стандарттарға сәйкес мамандандырылған паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін ашылған.
2018 жылдың 8 айында БҚММУ МО паллиативтік көмек бөлімшесінде барлығы 324 науқастар емделеген. 2017 жылмен салыстырғанда науқастың төсекте өткізген орташа ұзақтығы 10,3 күнге дейін азайған (2017 ж. – 10,6 күн). Бос емес төсектердің орташа санының көрсеткіші –228,2.
2018 жылы бастап ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» МКК- де 8 төсектік паллиативтік көмек бөлімшесі жұмыс жасай бастады. 2018 жылдың 8 айында барлығы 56 науқас емделді, науқастың төсекте өткізген орташа ұзақтығы 10,7 күн.
Сонымен бірге, Ә.Ә. Қалиев паллиативтік көмектің дамуындағы келесідей проблемалық сұрақтарына тоқталып кетті:
1) хоспистің болмауы және паллиативтік төсек жеткіліксіз саны, паллиативтік көмектің ауылдық жерлерде қол жетімсіздігі;
2) жалпы хабардарлықтың төмен деңгейі және паллиативтік көмектің экономикалық және клиникалық артықшылықтарын бағаламау.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралар туралы» Әсет Әскерұлы Қалиев – денсаулық сақтау басқармасының басшысы және Ринат Әменұлы Құбатаев – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің Фармация Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы баяндама жасады.
Ә.Ә. Қалиев дәрілік препараттармен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес жүргізілетінің айтты. Бұйрық 48-ге жуық ауру түрін қамтиды. Олардың ішінде 45 нозология бойынша "СК-Фармация" ЖШС бірыңғай жеткізушісі арқылы сатып алынады және жеткізіледі, 3 аурудын атауларын бойынша фенилкетонурия, жаңа туған нәрестелер, ерте жасанды немесе аралас тамақтандыру сатып алынады және басқа жеткізушілермен жеткізіледі.
2018 жылға амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 4млрд.тг бөлінді.
Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» (ИСЛО) бағдарламасы бойынша 77 033 пациент тағайындалды және 1,9 млрд. тг. немесе жөнелту сомасының 72%. 2017 жылдың сол кезеңінде 75128 науқас қамтамасыз етілді (1905 науқастың өсуі). Енді медициналық ұйымдар жаңадан анықталған пациенттерді ескере отырып, қосымшаларды түзетеді, есірткі жылдың соңына дейін есептеледі.
Кодекске, облыстық мәслихаттың 08.12.2017 ж. №227 шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін 23 ауру тобы бойынша дәрілік заттардың 66 атауы бойынша қамтамасыз ету жүргізіледі, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар.
8 ай ішінде 71 науқастар сирек кездесетін аурулармен (жылдық жоспар бойынша 67) және 300-ге жуық ҰОС ардагері қамтамасыз етілді.
Р.Ә.Құбатаев халықты ТМККК бойынша қамтамасыз ету, «Батыс-Фарм» ЖШС-ның «Болашак» дәріханалары мен дәріханалық пунктері арқылы облыстың барлық аудандарын және 156 елді мекендерде дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер арқылы, арнайы аттестациядан өткен медициналық қызметкерлер арқылы босатылатының айтты.
Ережеге сәйкес, департамент функциясына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау, соның ішінде медициналық көмектің барлық деңгейлерінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мониторингі кіреді.
Департаментің барлық тексерістері жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде жүргізіледі. Ағымдағы 2018 жылы Департаментке 39 өтініш келіп түсті, оның ішіндегі 14- сенім телефонына келіп түскен, басшының жеке қабылдауында-2, жазбаша түрде 23 өтініш.
2018 жылдың бірінші тоқсанында амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілмеуі жайында көптеп түскен өтініштер негізінде, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «ҚР ДСМ Фармация Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ және «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-мен құрылған бірлескен бұйрығымен тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде ДЗ мен ММБ халықты қамтамасыз етуге мониторниг жүргізуге жұмыс тобы кұрылды. Тексеріс нәтижесінде диспансерлік есепте тұрған 505 науқас келесідей нозология бойынша сұралынды. Телефон арқылы сұрағанда, науқастардың 497сі (98,6%) тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға берілген рецепттер бойынша толық қамтамасыз етілгендерін расталды.
Және де Р.Ә.Құбатаев проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқтап кетті. Департамент дәрілік заттармен қамтамасыз ету, науқас пен дәрігердің бірлескен жауапкершілігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Департаменттің интернет-ресурсында амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмектер тізімі орналастырылған. Жалпы, амбулаториялық деңгейде емделушілерге дәрілік заттарды жеткізу қанағаттанарлық.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.