• 190219

    2019 жылғы 18 ақпанда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 150219

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары интернационалист – жауынгерлерді және олардың туыстарын Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай құттықтады

  • 150219-1

    2019 жылғы 14 ақпанда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 110219

    Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

  • 310119

    2019 жылғы 31 қаңтарда С.М.Қалдығұлованың төрағалығымен облыстық Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өтті

  • 250119

    Ақтөбе облысының мәслихаты Амангелді Қабашұлы Есіркеповты 65 жас мерейтойымен құттықтады


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

 

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №8 өкімімен бекітілген, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Атауы: Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі;

Пошталық мекен-жайы: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 204 бөлме, Электронды пошта: maslixat@mail.ru

Анықтамалар үшін телефондар: 93-21-68 және 56-44-75.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «30» қаңтар - «12» ақпан аралығында.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақтөбе облысының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат: 1) сотталғандығы болмауы; 2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; 3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 204 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде.

Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.

Сауалнама

Өтініш

 

Қазақстанның атақты әйелдері Ақтөбеде өтіп жатқан Слетке қатысуда

210918ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеде өтіп жатқан «Анаға тағзым» аналар слетінің қатысушыларына арналған құттықтау сөзін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқып берді. - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті – еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маңызды шара. Ана – әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отанымыздың тірегі. Ал қазақстандық аналардың әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағының болашағына алаңдамай, бақытты ғұмыр кешуі – мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында «ана мен баланы қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі» деп жарияладым,- делінген Елбасының құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Слет қатысушыларының жұмысына жеміс тілеген.


Екі күндік слетке Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген барлығы 1200-ден аса делегат жиналды. Шараның басты қатысушылары – мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан әйелдер, көп балалы аналар.

Слеттің салтанатты ашылуы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шараның басты мақсаты қоғам мен биліктің отбасы құндылықтары мен ұлт денсаулығын қорғауда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірігуі, отбасын, ана мен баланы қолдау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылатынын атап өтті. - Бүгінде қоғамның, әсіресе жастардың рухани және моральдық денінің саулығы бірінші кезекте. Мұнда жеке-жеке алғандағы әрбір отбасының «денсаулығының» маңызы зор, -деп атап өтті облыс әкімі өзінің сөзінде.

Ол елдің болашағы үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі проблемаларға қоғамның енжар қарауына құқығы жоқ екенін атап өтті. - Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс, жас отбасылардың ажырасуы, ерте жүктілік – осының бәрі тәрбие беру кезінде жіберілген олқылықтардың нәтижесі. Бұл проблемалар біздің әрқайсысымызды толғандырады. Бүгін біз күн тәртібіндегі сұрақты конструктивті талқылап қана қоймай, осы проблемаларды шешуде нақты ұсыныстарды әзірлейміз деп үміттенемін,-деді Бердібек Сапарбаев.