• 151018-2

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова Байғанин ауданының елді мекен тұрғындарымен кездесті

  • 151018-1

    100 жаңа оқулық

  • 021018

    Ардагерлер мерекесі

  • 280918-2

    2018 жылғы 28 қыркүйекте «Капитал-Плаза» орталығының мәжіліс залында облыстық, қалалық және аудандық Қоғамдық Кеңестердің съезі өтті

  • 280918-1

    2018 жылғы 28 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270918-1

    2018 жылғы 26 қыркүйекте облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

1309182018 жылғы 12 қыркүйекте, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуіменоблыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«Ақтөбе облысында көлік инфрақұрылымының даму жағдай туралы» мәселесі бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Қайрғалиұлы Османғалиев хабарлады.
Бүгінгі таңда автомобиль жолдарды жақсы және қанағаттанарлық жағдайда:
- Республикалық маңызы бар - 56% немесе 1061 км;
- Облыстық және аудандық маңызы бар – 49,5% немесе 2 506 км.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылға автомобиль жолдарының 90% үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайынақол жеткізу үшін жыл сайын автомобиль жолдарының жұмыстары артып келеді, мәселен 2016 жылы 99 км жолға 9,6 млрд.теңге жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2017 жылы 302 км жолға 16,9 млрд.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылғы 404 км жолға жалпы құны 35,7 млрд.теңгеге жөндеу жұмыстары жоспарлануда. (қайта құру және құрылыс-84 км, күрделі жөндеу – 40,3 км, орташа жөндеу – 279,7 км) және 2019 жылға 452 км жолға 43,6 млрд.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп болжануда.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге келесі нысандар бойынша жұмыстар жүргізілуде: «Ақтөбе-Орск» автомобиль жолының 0-8 км учаскесін, Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма автомобиль жолының 0-21,5 км учаскесін, 21,5-35,3 км учаскесін қайта жаңарту, Ақтөбе қаласынан шығар жолда АЗФ ауданындағы жол өткелінің құрылысы, АЗФ ауданындағы жол өтпесің қайта жөндеу, «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» және басқа да а/ж кейбір учаскелерін күрделі және орташа жөндеу.
Сонымен бірге А.Қ. Османғалиев аудандық автокөлік жолдары бойынша баяндады.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Қайрғалиұлы Османғалиев және энергетика және тұрғын-үй коммуналдықшаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Серікұлы Аманов баяндады.
А.Қ. Османғалиевтың айтуы бойынша,жоба басталғаннан бері барлығы 16,5 км жол қайта жаңартылды. Облыстық ауруханадан мал базар ауданындағы сақиналы жолға дейінгі учаске ашылды.
2018 жылы жұмыстарды жалғастыру үшін 880,0 млн. теңге бөлінді.Бүгінгі күні бөлінген қаражат толықтай игеріліп, қалған 5 км жол жөнделді.
Д.С.Аманов айтуынша, 2018 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 3 жобаны жүзеге асыруға Ұлттық қордан 761,4 млн.теңге бөлінді.
1. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында 1500 текше метр құрама темірбетонды бұйымдардан жасалған 2 дана жер асты резервуарын және 2-ші көтеру жерасты ССС сорғы станциясын салу»;
2. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылында сумен жабдықтау объектісінің су құбырлары желілерін және құрылыстарын реконструкциялау»;
3. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы қолданыстағы жылу желісінің тұйықтап қосу құрылысы».
2018 жылдың 12 қыркүйектегі жағдайы бойынша Ұлттық қордан аталмыш жобаларға 596,7 млн.теңге бөлініп, мердігер ұйымдармен игерілген қаражат 410,5 млн.теңгені (68,8%) құрайды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Сонымен бірге, комиссия отырысында «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» мәселесі қаралды.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру айлық төлемақы мөлшерлемелерімен есептеледі (АЕК) және орналасу орнына байланысты 3 санатақа бөлінеді.
1 санат - Абилкайыр хан, Әлия Молдағұлова, Абай, 312 атқыштар дивизиясы, Сәңкібай батыр даңғылдары, Әз-Наурыз, Бөкенбай батыр, Ағайынды Жұбановтар, Ғ.Жұбанова, 101 атқыштар бригадасы, Есет батыр, Пацаев, Маресьев, Тургенев, Шайкенов, М.Оспанов, Мәметова, Некрасов көшелері;
2 санат - Әйтеке би, Әкімжанов, Алтынсарин, Арынов, Асау Барақ, Ахтанов, Байғанин, Байсейтова, Вавилов, Гастелло, Герцен, Гришин, Жангелдин, Жанқожа батыр, Ш.Қалдаяқов, Қарасай батыр, Киселев, Кереев, Тайбеков, Рысқұлов, Шернияз, Мясоедов, Иманов, Смағұлов, Қонаев, Кобозыв, Кеңес Нокин көшелері;
3 санат - Ақтөбе-Хромтау тас жолы, Ақтөбе-Сазды (Бауырластар) тас жолы, Оңтүстік айналма тас жолы 21,5-35,3 шақырым учаскелер, Ақтөбе-Қобда тас жолы, Ақтөбе–Мәртөк тас жолы, сондай-ақ 1, 2 санаттарға кірмеген Ақтөбе қаласының көшелері.
1-санатқа кіретін жарнама объектілері ҚР Салық Кодексінің 605-бабының 3 тармағына сәйкес ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерін 1,8 есе, 2 санат – 1,5 есе, 3 санат – 1,2 есе арттырады.
Елді мекендер шегінен тыс орналасқан жарнама объектілері бойынша Салық кодексіндегі бекітілген негізгі коэффициенттері қолданылатын болады.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.