• 151018-2

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова Байғанин ауданының елді мекен тұрғындарымен кездесті

  • 151018-1

    100 жаңа оқулық

  • 021018

    Ардагерлер мерекесі

  • 280918-2

    2018 жылғы 28 қыркүйекте «Капитал-Плаза» орталығының мәжіліс залында облыстық, қалалық және аудандық Қоғамдық Кеңестердің съезі өтті

  • 280918-1

    2018 жылғы 28 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270918-1

    2018 жылғы 26 қыркүйекте облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

110918-22018 жылғы 11 қыркүйекте, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Мәдени мұра» ұлттық жоба шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» кіші бағдарламасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» мәселесі бойынша облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Нұрланұлы Дүйсенғали баяндады.
Ақтөбе облысының мәдени мұра нысандарын «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасына енгізу мақсатында жұмыс тобының 2017 жылы бірнеше отырысы, дөңгелек үстелдер, ескерткіштерге этномәдени экспедициялар өткізілді.
Қазіргі күні Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне 10 нысан енгізілді.
Олар: Қобда ауданындағы Абат-Байтақ қорымы, Қобыланды батыр мемориалдық кешені, Исатай батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы, Кеңесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы, Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті, Шалқар ауданындағы Есет-Дәрібай Көтібарұлының кесенелері, Алға ауданындағы Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені, Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы, Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеорит кратері. Жергілікті маңызы бар киелі жерлерге облыс бойынша бұл тізімге 34 нысан енгізілді.
Қала құрылысы және архитектура ескерткіштері ретінде тарихи тұлғалар жерленген орындар (Көтібар батыр, Бақтыбай батыр, Ботакөз батыр, Жәлімбет, Қазанғап қорымдары және кесенелері), мешіттер (Дүйсенбі ахун, Шәкен ишан, Нұрпейіс хазірет мешіттері), табиғи мұра ескерткіштері және өзге де нысандар енгізілді.
2017 жылы «Қобыланды батыр» мемориалды кешеніне облыстық бюджеттен 45 млн. 490 мың теңге бөлініп, реконструкция жүргізілді. Сметалық құжат бойынша кесененің сырты және 29 меңгір, қайрақтас гранитпен қапталды. Кесене іші соңғы үлгідегі сұр түсті бояумен боялды. Музейдің төбесі жаңа қаңылтырмен жабылды.
«Абат-Байтақ» кесенесі және Шырақшы үйі территориясын қоршау жұмыстарына 40,0 млн.теңге бөлінді.
2018 жылға Байғанин, Шалқар аудандарының тарихи-мәдени және табиғи мұраларының «Ескерткіштер жинағын» құрастыру мақсатында барлау, зерттеу жұмыстарына, облыс аудандары аумағында бірлескен археологиялық және этномәдени жұмыстарын жүргізуге және т.б. 9,5 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, М.Н.Дүйсенғали қазіргі таңда күн тәртібінде ерекше тұрған кезек күттірмейтін мәселелеріне тоқтады, олар Абат-Байтақ қорымындағы Қыз әулие кесенесіне консервация, Керуен сарай тарихи архитектуралық кешеніне реставрация жұмыстарын жүргізу қажет екенің айтты. Байғанин ауданындағы Құдабай мен Әйтеке би ауданындағы Бопайдың нақты жерленген жерлеріне кешенді түрде ғылыми-зерттеуді іске асыру. Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымын қоршау, Ырғыз ауданындағы Алмат тамы мавзолейі мен Алға ауданындағы Шәкен ишан мешітіне реставрация жасау үшін жобалық сметалық құжаттар дайындау.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.
«Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы» мәселесі бойынша тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Тельманқызы Төлебаева хабарлама жасады.
Г.Т.Төлебаеваның айтуынша ономастикалық саланы біріздендіру мақсатында қоғамда наразылық тудырмайтын тарихи, дәстүрлі атауларды беру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұсыныстар жасалды. Қабылданған шешім жаңа көшелерде орналасатын және жобаланатын үйлерге заңды мекенжайларын қоюға, Ақтөбе қаласының мекенжайлық тіркеліміне жаңа көшелерді енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа көшелердің тұрғындары белгіленген мекенжайлары бойынша коммуналдық қызметтерге келісімшарт жасаса алады, сондай-ақ жедел жәрдем, пошта және т.б. қызметтерді пайдалана алады. Ұсынылған атаулар Береке, Ақжайлау, Желмая, Құмсуат, Өркен, Ақсарай, Кемер, Байқоныс секілді маңызды тарихи-мәдени ұғымдар, географиялық атаулар, қазақ мәдениетінің символы мен мәні, сондай-ақ көрнекті саяси қайраткерлер, жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің есімдері қатарынан, сондай-ақ қоғамда патриоттық рухты арттыру мақсатында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әйгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдерін ұлықтау ұсынылады. Болашақ ұрпақтың жадында Доспамбет жырау, Тәттімбет жырау, Шалкиіз жырау, Шара Жиенқұлова, Роза жаманова, Едіге батыр, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов секілді тарихи тұлғалардың есімдері сақталуы аса маңызды.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.