• 151018-2

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Әсел Серікқызы Сарманова Байғанин ауданының елді мекен тұрғындарымен кездесті

  • 151018-1

    100 жаңа оқулық

  • 021018

    Ардагерлер мерекесі

  • 280918-2

    2018 жылғы 28 қыркүйекте «Капитал-Плаза» орталығының мәжіліс залында облыстық, қалалық және аудандық Қоғамдық Кеңестердің съезі өтті

  • 280918-1

    2018 жылғы 28 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270918-1

    2018 жылғы 26 қыркүйекте облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2006182018 жылғы 19 маусымда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмысы туралы» мәселесі бойынша «Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Руслан Амандықұлы Ерғалиев хабарлама жасады.
Р.А. Ерғалиевтың айтуы бойынша тізіліміне сәйкес барлығы 746 мемлекеттік қызметтер түрі көрсетіледі, оның ішінде 621 мемлекеттік корпорация арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.
«Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы барлығы – 447 қызмет, ХҚКО біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы (ХҚКО БАЖ) – 332, ЭҮП емес ХҚКО БАЖ арқылы – 171.
Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) арқылы 192 қызмет көрсетіледі, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 62, тек қана қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетіндер – 76, қызмет берушінің кеңсесі және ЭҮП арқылы көрсетілетін қызмет 54.
2018 жылдың 5 айы ішінде 684 620 қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде көрсетілгендері – 307 416 құрайды немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 44,9%.
ХҚКО-ның әрбір бөлімінде клиенттерге ыңғайлы болу үшін өз-өзіне қызмет көрсету секторы тұрақты түрде жұмыс жасайды. «Қазпошта» АҚ жасалған шарттың шеңберінде, электрондық қызметтер «Қазпошта» қызметкерлері арқылы кейбір пошта байланыс бөлімшелерінде көрсетіледі.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болу үшін, филиал қызметкерлері үйге барып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Тууды тіркеу, мектепке дейінгі мекемелерге баланы есепке қою, сондай-ақ баланың туылуына және баланың күтіміне берілетін жәрдемақыларды тағайындау сияқты мемлекеттік қызметтер проактивті түрде жүргізілуде. 2018 жылдың қаңтарынан бастап үшінші тұлғаларға электрондық қызмет көрсету үшін СМС арқылы келісім беретін «Paperfree» - қызметі іске қосылды.
Үкіметтің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік қызметтерді алуды ыңғайлы қылу үшін 2018 жылы «Цифрлық қызметтер орталығын» әрбір облыс орталығында ашу жоспарланған, «Көші-қон қызметтері орталығын» Алматы қаласы мен Ақтөбе қаласында ашу және «60 та 40» тұжырымдамасына ауысу үшін фронт-офистерді трансформациялау көзделуде.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдармен жұмыс өзара тығыз қарым-қатынаста жүргізілуде және барлық өзекті мәселелер жұмыс тәртібімен шешілуде.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.