• 200618

    2018 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 040618-2

    Облыстық мәслихаттың депутаты Ни Аркадий Юрьевич 1-маусым Балаларды қорғау күніне арнап өзінің сайлау округіндегі оқушыларға мерекелік шара ұйымдастырды

  • 040618-1

    Облыстық мәслихатың депутаттары қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

  • 250518

    Соңғы қоңырау

  • 220518

    2018 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 210518

    2018 жылғы 21 мамырда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырыстары өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясының баспасөз-хабарламасы

2018 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жалпы отырысы №13 Ақтөбе сайлау округінен Асқар Іскендірұлы Болатовтың төрағалық етуімен өтті.
Сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қала және аудан мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М. Сапарбаев қатысты.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» және «2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы» облыстың қаржы басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлы баяндады.
Баяндамаларда 2016 жылғы 12 желтоқсанда бекітілген және барысында нақтыланған «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімі, нақтыланған көрсеткіштерден, кірістер бойынша 100,9 пайызға, алынған ресми трансферттер бойынша 100 пайызға орындалғаның атап көрсетті.
2017 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайызға игерілді, түзетумен жоспарланған 151 785 352,9 мың теңгеден 151 777 234,0 мың теңгеге игерілді.
2017 жылы қаражаттардың басым бөлігі білім, денсаулық, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары салаларына, басқалар мен трансферттерге жұмсалды.
Облыстық бюджет бойынша қаражаттың игерілуі 100,0% құрады, толықтай игерілмеген функционалдық топ: борышқа қызмет көрсету (99,9%).
Ағымдағы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттердің жалпы сомасы 19 578 351,0 мың теңге қаражат толығымен орындалған.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 5 975 299,0 мың теңге кредит бөлінген.
Тексеру комиссиясымен жүргізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудағы қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануы, бюджеттік бағдарламаларды толық игере отырып тікелей және түпкі нәтижелердің жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі анықталды.
Жалпы өңірдің дамуы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетеді. Облыс экономиканың өсуі бұған тікелей растау болып табылады. Осылайша, негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі, өндірістің жекелеген салаларында өнімінің және белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуінің айтарлықтай ұлғаюы байқалады.
Аталған мәселе бойынша қабылданған шешімде облыстық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуының сапасына, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігіне, есептік деректердің дұрыстығына басқару шешімдерін дұрыс қабылдамау, орындаушылық тәртіп, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережелерін білудің аздығы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тарапынан тиісті бақылаудың болмауы әсер еткенің атап кетті.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Апуажан Тулегеноваға сөз берілді.
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Қ.І. Сәрсембай хабарлады. Ол қойылған қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша кешенді шараларды қарастыру жөнінде облыста бірқатар жұмыстар атқарылып, оң көрсеткіштерге қол жеткізіліп келетінің айтты.
2017 жылдың қорытындысы бойынша 200,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
Облыс бойынша 2018 жылдың 1 сәуіріне 202 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Кооператив құрамына 5179 жеке қосалқы шаруашылықтар, 119 фермерлік шаруашылықтар және 30 заңды тұлғалар бірігіп, 7930 үй шаруашылықтары жұмысқа тартылды.
2017 жылы 81 ауыл шаруашылық кооперативтерге инвестициялық субсидия төленді. Өткен жылда, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша облысқа - 2,3 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, кооперативтер, 39 сүт және ет таситын автокөліктер, 11 мал сою бекеттері 18 сүт қабылдау пункті қамтамасыз етілді. Жаңа 624 жұмыс орны ашылды.
Қ.І. Сәрсембай сонымен қатар көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге байланысты дайындық барысы, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы және жанар-жағар маймен қамтылуы туралы баяндады.
«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М. Смағұлов хабарлады.
Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 2 752 791,0 мың теңге құрады және әлеуметтік бағытта пайдаланылады. Қаражат жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік, білім және басқада басқармаларға бөлінді.
«2020 жылға дейін Ақтөбе агломерациясын дамыту бойынша Іс-шаралар жоспары туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 1-қарашадағы №158 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесін хабарлау барысында О.М.Смағұлов басқармамен 2030 жылға дейінгі Ақтөбе агломерациясын әзірлеудің ұзақ мерзімді жоспарын жүзеге асыру бойынша 2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленгенің айтты.
Ақтөбе агломерациясы құрамына Ақтөбе қаласы және 5 ауданның (Алға, Мұғалжар, Хромтау, Қобда, Мәртөк) 112 елді мекені кіреді. Барлық аумақтар Ақтөбе қаласынан мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында анықталған, көлік қатынасының қолжетімділігіне 1,5 сағаттық магистральдық изохронға (магистральдық байланыс желілері бойынша 110 шақырымнан аспайтын немесе басқа аудандарда 75 шақырымнан аспайтын) кіреді.
Ұзақ мерзімді жоспардың негізгі мақсаты - әлемдік деңгейдегі құндылық тізбегіне салынған адами капиталдың жоғары деңгейі бар, Ақтөбе агломерациясын қалыптастыру. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - 2018-2024 жылдар. Бұл кезеңде қала құрылысының басымдықты міндеттері немесе ең өткір проблемалары шешілетін болады.
Екінші кезең - 2025-2030 жылдар. Бұл кезеңде агломерациялардағы халықтың өмір сүру жағдайларын дамыған елдердің ірі қалаларының деңгейіне жеткізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
«2018-2025 жылдарға арналған Ақтөбе облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы» табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Н.Б. Аққұл хабарлады. Ол қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштері - қоршаған ортаның сапасын біртіндеп жақсарту қажеттілігін ескере отырып, белгілі бір уақыт аралығында қоршаған ортаның стандартталған параметрлерінің барынша жоғары деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер екенің айтты.
Ақтөбе облысының қоршаған ортанының мақсатты сапа көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі жобаны орындаған «Экосервис-С» ЖШС. Олар Ақтөбе облысының негізгі экологиялық проблемаларын анықтау жөніндегі жұмыс, Ақтөбедегі, тарихи ластану аймақтарындағы, мұнай өндіру кәсіпорындарынан зардап шеккен қоныстардағы, өткен кезеңде радиациялық әсер ету ықтималдығы болған Байғанин ауданындағы, шөлейттену аймағында орналасқан елді мекендердегі экологиялық ахуалын бағалау жұмыстарын жүргізді.
Қабылданған санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес адам денсаулығы мен экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, зерттеудің нәтижесінде мақсатты сапа көрсеткіштерінің тізімі құрылды.
Одан басқа облыстық мәслихаттың сессиясында «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 10500 шаршы метрден кем емес 5 алаңнан тұратын спорттық кешенді жалға алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне, Ақтөбе облысын басқару сызбасына, комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы және басқа мәселелер қаралды.
Сессияда Д.А.Довматенконың, Г.Қ.Ерғазинаның, Ж.С.Мұхамбетпайызованың, Ни А.Ю., С.В.Вишняктың депутаттық сауалдарын жария етті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.