• 200618

    2018 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 040618-2

    Облыстық мәслихаттың депутаты Ни Аркадий Юрьевич 1-маусым Балаларды қорғау күніне арнап өзінің сайлау округіндегі оқушыларға мерекелік шара ұйымдастырды

  • 040618-1

    Облыстық мәслихатың депутаттары қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

  • 250518

    Соңғы қоңырау

  • 220518

    2018 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 210518

    2018 жылғы 21 мамырда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырыстары өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 21 мамырда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова.


«Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы» мәселесі бойынша білім басқармасының басшысы Ляззат Аманжолқызы Уразбаева хабарлады.
Л.А.Уразбаеваның айтуы бойынша, 2018 жылы жазғы компанияны ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 282 млн.теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Облыста жазғы каникул кезінде қала сыртындағы лагерьге 11405 оқушы, мектеп жанындағы лагерьге 56 281 оқушы, шатырлы лагерьге 17486 оқушы, ата-аналар есебінен 33084 оқушы қамту жоспарланып отыр.
Жазғы каникул кезеңіндегі балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жұмыстары биыл екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) балаларды және жасөспірімдерді сауықтыру;
2) демалыс және жұмыспен қамту.
Жазғы уақытта оқушыларды мынадай жұмыспен қамту түрлері жоспарлануда:
- абаттандыру бригадаларына, көгалдандыру, жөндеу-құрылыс т.б. еңбекпен қамту арқылы;
- қызығушылығына сәйкес аула клубтары мен қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелермен және жазғы алаңдарға шығармашылыққа тарту арқылы;
- шатырлы лагерьлерге тарту арқылы;
- жазғы мектеп белсенділерінің арасына, «Жас Ұлан» мүшелері қатарына, дебаттық кездесулерге тарту арқылы;
- тілдік алаңдарға тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бірге, әлеуметтік-қорғалмаған тұрғындар деңгейіндегі балалар санатынан 16 мың, 700 девиантты мінез-құлықты және қолайсыз отбасы балаларын демалыстың әр түрлерімен қамту жоспарланып отыр.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

2018 жылғы 21 мамырда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

«Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 10500 шаршы метрден кем емес 5 алаңнан тұратын спорттық кешенді жалға алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 22 ақпандағы №250 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Тұрарұлы Сыдықов хабарлады. Оның айтуынша, келісім-шарттың (10 жыл) мерзімі мен міндеттемеге алу мерзімінің (2 жыл) сәйкес келмеуіне байланысты осыған дейін облыстық мәслихаттың қабылданған шешіміне өзгерістер енгізу керектігін айтты.
Осыған байланысты, мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауға сәйкес және серіктестікпен келесідей шарттар бойынша қайта қарау келісілді:
- шарт мерзімі – 7жыл;
- жалға алу құны – 1ш.м. үшін 900 теңге.
Жобаның жалпы құны 504 млн. теңгені құрады.
«Ақтөбе облысын басқару сызбасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 18 маусымдағы №91 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Серікұлы Қалауов хабарлады.
Комиссия келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін деп шешті:
Ақтөбе облысының басқару сызбасынан шығарылсын:
1) «Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
Ақтөбе облысының басқару сызбасына енгізілсін:
1) «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.
2018 жылғы 21 мамырда, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қазақстан ауылын тарату туралы» мәселесі бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Серікұлы Қалауов хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан ауылында 2002-2010 жыл аралығында 26 отбасы, яғни 139 адам тұрды. 2010-2013 жылдар аралығында 16 отбасы қалып, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 мамырдағы №601 қаулысымен бекітілген экономикалық әлеуеті төмен елді мекендер тізбесіне енген.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасына сәйкес Байғанин ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша көшуге ниет білдірген Қазақстан ауылының 8 отбасының өтініштері мен құжаттары өңірлік комиссияда қабылданып, Ақтөбе қаласына көшірілді.
Қалған 8 отбасы 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-ші «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағытына сәйкес Қазақстан ауылының тұрғындарын аудан орталығына көшіруге ұсынылған отбасылар тізіміне кіргізіліп, 2017 жылы аудан орталығының басынан 8 пәтерлі 4 үй салып берілді.
Бірақ қазіргі таңда, Қазақстан ауылында 4 отбасы өздерінің жеке малдарын бағу үшін отыр. Бұл жерде мектеп те дәрігерлік бөлім де жоқ.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.