• 200618

    2018 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 040618-2

    Облыстық мәслихаттың депутаты Ни Аркадий Юрьевич 1-маусым Балаларды қорғау күніне арнап өзінің сайлау округіндегі оқушыларға мерекелік шара ұйымдастырды

  • 040618-1

    Облыстық мәслихатың депутаттары қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

  • 250518

    Соңғы қоңырау

  • 220518

    2018 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 210518

    2018 жылғы 21 мамырда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырыстары өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 17 мамырда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова.


«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «2020 жылға дейін Ақтөбе агломерациясын дамыту бойынша Іс-шаралар жоспары туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 1-қарашадағы №158 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М. Смағұлов хабарлады.
Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы - 2 602 791,4 мың теңге, соның ішінде:
• Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы - 1 000 000,0 мың теңге;
• Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 582 370,0 мың теңге;
• Кәсіпкерлік басқармасы – 450 847,0 мың теңге;
• Білім басқармасы – 225 776,0 мың теңге;
• Қаржы басқармасы - 143 356,0 мың теңге және басқалары.
Басқарма басшысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2030 жылға дейінгі Ақтөбе агломерациясын әзірлеудің ұзақ мерзімді жоспарын жүзеге асыру бойынша 2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленгенің айтты.
Жоба барлық жауапты басқармалар және агломерация аймағындағы әкімдіктермен келісілді.

Ақтөбе агломерациясы құрамына Ақтөбе қаласы және 6 ауданның (Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Хромтау, Қобда, Мәртөк) 112 елді мекені кіреді.
Барлық аумақтар Ақтөбе қаласынан мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында анықталған, көлік қатынасының қолжетімділігіне 1,5 сағаттық магистральдық изохронға (магистральдық байланыс желілері бойынша 110 шақырымнан аспайтын немесе басқа аудандарда 75 шақырымнан аспайтын) кіреді. Ұзақ мерзімді жоспардың негізгі мақсаты - әлемдік деңгейдегі құндылық тізбегіне салынған адами капиталдың жоғары деңгейі бар, Ақтөбе агломерациясын қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі стратегиялық бағыттар бойынша шешім жолдары жоспарланып отыр:
1) Индустриялық-инновациялық орталық;
2) Кедергісіз бизнес;
3) Азық-түлік қауіпсіздігі;
4) Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту;
5)Көлік және логистика орталығы;
6)Smart city орталығы;
7)Медициналық кластері;
8)Ақтөбе агломерациясы білім орталығы.
Ұзақ мерзімді жоспардың орындалуы екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - 2018-2024 жылдар.
Екінші кезең - 2025-2030 жылдар.
Бірінші кезеңде қала құрылысының басымдықты міндеттері немесе ең өткір проблемалары шешілетін болады. Агломерация аумағында орналасқан елді мекендердің өздігінен және жүйесіз кеңейуін болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары білікті еңбекпен тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, инфрақұрылымға шамадан тыс қысымның алдын алу, ішкі көші-қонды (күндізгі, апталығы, апта) реттеу және басқа да шаралар қабылданатын болады.
Екінші кезеңде агломерациялардағы халықтың өмір сүру жағдайларын дамыған елдердің ірі қалаларының деңгейіне жеткізу бойынша шаралар қабылданатын болады. Шикізат, қаржы, технологиялық және мәдени алмасулар жүйесінде маңызды түйін ретінде агломерацияны және аймақты әлемдік нарыққа шығару бойынша шаралар қабылданатын болады.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың 22 мамырда болатын кезекті сессиясының қарауына енгізді.

***
2018 жылғы 17 мамырда, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.С.Әбтиев хабарлады.
Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және 2018 жылғы 9 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша кешенді шараларды қарастыру жөнінде облыста бірқатар жұмыстар атқарылып, оң көрсеткіштерге қол жеткізіліп келеді.
Атап айтқанда, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 200,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың 1 сәуіріне 202 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Кооператив құрамына 5179 жеке қосалқы шаруашылықтар, 119 фермерлік шаруашылықтар және 30 заңды тұлғалар бірігіп, 7930 үй шаруашылықтары жұмысқа тартылды.
2017 жылы 81 ауыл шаруашылық кооперативтерге инвестициялық субсидия төленді.Аталған субсидиялар 10 сүт қабылдау пункттері, 36 сүт және ет таситын автокөліктері, 2 мал сою пункті, 27 етті ауыл шаруашылығы техника және жабдықтары, 6 АШК-не жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру құдықтар үшін бөлінген.
Өткен жылда, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша облысқа - 2,3 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, кооперативтер, 19 сүт таситын автокөліктер, 20 ет таситын автокөліктер, 11 мал сою бекеттері 18 сүт қабылдау пункті қамтамасыз етілді. Жаңа 624 жұмыс орны ашылды.
А.С. Әбтиев сонымен қатар мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге байланысты дайындық барысы, көктемгі далалық жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы және жанар-жағар маймен қамтылуы туралы баяндады.
Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге жергілікті бюджет есебінен жалпы 1,2 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға, гербицидтердің құнын субсидиялауға, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, басым дақылдарды субсидиялауға, зиян организмдерге қарсы химиялық өңдеуге.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізуге «Кең дала» бағдарламасы бойынша 236,0 млн. теңге және «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 973,8 млн. теңге қарастырылып, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен игерілуде.
«2018-2025 жылдарға арналған Ақтөбе облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы» табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асхат Иванович Көбенов және "ЭКОСЕРВИС-С" ЖШС ғылым және аналитикалық зерттеу департаментінің директоры Н.А. Яковлева баяндама жасады.
Қоршаған ортаның мақсатты сапа көрсеткіштерін орнату Қоршаған орта сапа көрсеткіштерін анықтау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылды. Қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштері - қоршаған ортаның сапасын біртіндеп жақсарту қажеттілігін ескере отырып, белгілі бір уақыт аралығында қоршаған ортаның стандартталған параметрлерінің барынша жоғары деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер.
Ақтөбе облысының қоршаған ортанының мақсатты сапа көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі жобаны орындаған «Экосервис-С» ЖШС.
Мақсатты сапа көрсеткіштерін әзірлеу барысында Ақтөбе облысының негізгі экологиялық проблемаларын анықтау жөніндегі жұмыс, Ақтөбедегі, тарихи ластану аймақтарындағы, мұнай өндіру кәсіпорындарынан зардап шеккен қоныстардағы, өткен кезеңде радиациялық әсер ету ықтималдығы болған Байғанин ауданындағы, шөлейттену аймағында орналасқан елді мекендердегі экологиялық ахуалын бағалау жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың маңызды бөлігі - далалық және зертханалық зерттеулер. Далалық жұмыстарға атмосфералық ауаның, топырақтың, ауыз судың, жер бетінің және жер асты суларының, өсімдіктердің, тамақ өнімдерінің сынамаларын алу және зерттеу, радон деңгейін өлшеу және гамма-зерттеу, жерді қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану арқылы зерттеу, тұрғындарды сауалдамалау кіреді.
Қабылданған санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес адам денсаулығы мен экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, зерттеудің нәтижесінде төмендегіні қоса алғанда мақсатты сапа көрсеткіштерінің тізімі құрылды:
- Ақтөбе қаласының ауасының күкітті сутекпен, озон, көміртек оксидімен, күкірт диоксидімен, азот диоксидімен және ұсақ дисперсті бөлшектермен ластануы;
- Кеңқияқ ауылындағы атмосфералық ауаның құрамындағы күкірт сутегінмен ластануы;
- Илек өзеніндегі су алтывалентті хром мен бормен ластануы;
- ҚТҚ өңдеу проблемалары;
- Қаражар ауылының тұрғын үй жайларында радонның болуы;
- Көкжиде құмдақ сілемінің жерасты суларында мұнайөнімдерімен ластануы.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың 22 мамырда болатын кезекті сессиясының қарауына енгізді.