• 200618

    2018 жылғы 19 маусымда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 040618-2

    Облыстық мәслихаттың депутаты Ни Аркадий Юрьевич 1-маусым Балаларды қорғау күніне арнап өзінің сайлау округіндегі оқушыларға мерекелік шара ұйымдастырды

  • 040618-1

    Облыстық мәслихатың депутаттары қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

  • 250518

    Соңғы қоңырау

  • 220518

    2018 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 210518

    2018 жылғы 21 мамырда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырыстары өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 11 мамырда, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Комиссия отырысында облыстың қаржы басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаеваның және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлының «2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды.
2016 жылғы 12 желтоқсанда бекітілген және барысында нақтыланған «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімі, нақтыланған көрсеткіштерден, кірістер бойынша 100,9 пайызға, алынған ресми трансферттер бойынша 100 пайызға орындалды.
2017 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайызға игерілді, түзетумен жоспарланған 151 785 352,9 мың теңгеден 151 777 234,0 мың теңгеге игерілді.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 54 154 091,5 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, соның ішінде, білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға, денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге, жылу-энергетика жүйесін дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бөлінді.
Республикалық бюджеттен жылу-сумен жабдықтау және суағарларды салуға және қайта жаңартуға, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін кредиттер бөлінді.
2017 жылы қаражаттардың басым бөлігі білім, денсаулық, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары салаларына, басқалар мен трансферттерге жұмсалды.
Облыстық бюджет бойынша қаражаттың игерілуі 100,0% құрады, толықтай игерілмеген функционалдық топ: борышқа қызмет көрсету (99,9%).
Ағымдағы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттердің жалпы сомасы 19 578 351,0 мың теңге қаражат толығымен орындалған.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 5 975 299,0 мың теңге кредит бөлінген.Бұл несиелер төмендегідей бағдарламаларға жіберілді:
• «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» ;
• «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру»;
• «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру»;
• «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер»;
• «Облыстық орталықтарда, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредитберу» .
Жергілікті бюджет есебінен 13 881 104,0 мың теңге кредит бөлінген:
• «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру»;
• «Кен Дала» Бағдарламасы аясында 23 ауылдық кәсіпкерлерді және «Жас старт» Бағдарламасы аясында 14 жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Тексеру комиссиясымен жүргізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудағы қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануы, бюджеттік бағдарламаларды толық игере отырып тікелей және түпкі нәтижелердің жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі анықталды.
Жалпы өңірдің дамуы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетеді. Облыс экономиканың өсуі бұған тікелей растау болып табылады. Осылайша, негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі, өндірістің жекелеген салаларында өнімінің және белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуінің айтарлықтай ұлғаюы байқалады.
Облыстық мәслихатының депутаттары облыстық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуының сапасына, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігіне, есептік деректердің дұрыстығына басқару шешімдерін дұрыс қабылдамау, орындаушылық тәртіп, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережелерін білудің аздығы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тарапынан тиісті бақылаудың болмауы әсер еткенің атап кетті.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.