• 050718

    «Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі!» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі Ни Аркадий Юрьевич қайырымдылық акциясын өткізді

  • 290618

    2018 жылғы 29 маусымда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270618

    2018 жылғы 27 маусымда облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 250618-2

    Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен облысымызда «20 игі іс» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

  • 250618-1

    Ақтөбеде мемлекеттік жəне полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесі аталып өтті

  • 220618-2

    2018 жылғы 19 маусымда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

26 сәуір 2018 жылы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Қоғамдық кеңестің, Ақтөбе қаласы әкімдігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Кәсіптік білім мамандарын даярлау бойынша жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыстар туралы» мәселесі бойынша білім басқармасының басшысы Л.А.Уразбаева хабарлады.
2017 жылы Ақтөбе облысында барлығы 44 колледжде (26 мемлекеттік, 18 мемлекеттік емес) 27502 студент(күндізгі бөлім 21182, сырттай бөлім 6320) білім алуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда облысымызда 2 мемлекеттік колледж ашылды.
Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес, ТжКБмен жастарды қамту үлесі 17,5 пайызға жетті.
Мамандарды даярлау еңбек нарығындағы сұранысқа ие 89 мамандық, 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылы экпсперемент түрінде мамандар екі деңгейлі модульмен оқыту бойынша даярлануда. Студент екі немесе бірнеше біліктілік бойынша жұмысшы мамандығын тегін алып, одан кейін өзінің қалауы бойынша орта буын маманы ретінде конкурстық негізде оқуын жалғастыруына мүмкіншілігі туады.
Бүгінгі күні колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша 14149 студент оқып жатыр. Оның ішінде, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағытына сәйкес еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып ТжКБ бар кадрларды даярлау мақсатында 1085 студент білім алуда.
Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімді курстар 2017 жылы 24 колледжде және 4 жұмыс берушілердің оқыту орталықтарында 31 мамандық бойынша жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың есепті кезеңіне 4438 адам қысқа мерзімді оқытуға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 236 адам бітіріп шықты.
Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдарға қысқа мерзімді білім беруді Мобильді оқу орталықтары қамтамасыз етеді. Ол арқылы 2017 жылы 434 тыңдаушы әр түрлі мамандықтар бойынша оқытылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының ұсынатын білім беру қызметінің сапасы кадрлар құрамына тікелей байланысты. Қазіргі таңда ТжКББ саласында 2 342 педагог қызмет атқарады, оның ішінде 3- ғылым докторы, 28- ғылым кандидаты және 132 – әртүрлі бағыттағы магистрлер қызмет етеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметінің ең негізгі көрсеткішінің бірі түлектердің жұмысқа орналасуы болып табылады. 2017 жылы колледждерді барлығы 6008 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 4427(73,7%) түлек жұмысқа орналасты, 397(6,6%) түлек оқуын жалғастырды, 262(4,3%) түлек әскер қатарына шақырылды, 265(4,4%) түлек бала күтімімен айналысады, 27(0,5%) түлек елден кетті, және қамтылмай қалған 630 (10,5%) түлек анықталды. Жұмысқа орналасқан және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 89,5%-ды.

Ұлт жоспары "100 нақты қадам" жоспарының 77 қадамын іске асыру мақсатында Ақтөбе политехникалық колледжі 10 жетекші колледж қатарына кірді. Кәсіпқор "Холдингі "КЕАҚ" бағдарлама операторымен жасалған шарттардың шеңберінде "Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша материалдық-техникалық базасын жабдықтау үшін биылғы жылы 200, 0 млн. теңге бөлу жоспарланған.
Айта кететін жайт ТжКББ жүйесін жетілдіруде басты мәселелердің бірі студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру үшін колледждердің жатақханамен қамтамасыз етілуі және студенттерге жасалған жағдайды анықтау мақсатында наурыз айында зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Жасалған жұмыс нәтижесінде облыс бойынша барлығы 44 колледждің қуаттылығы 3371 орындық, 27 жатақханамен қамтылған.

Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30