• 190918

    2018 жылғы 19 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 140918

    2018 жылғы 14 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130918

    2018 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 120918

    «Мектепке жол» республикалық акциясы

  • 110918-2

    2018 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 110918-1

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова «Анаға махаббат» атты шығарма және сурет байқауларының жеңімпаздары кездесті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қыз

Бүгін, яғни 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Кездесу барысында А.Бердалин мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы жайында, мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады.


«Биылғы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаның бірі Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында факторлық-балдық шкаласын қолдану арқылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуі туралы айтып өткім келеді.
Қазіргі күні жаңа жүйе Агенттік және оның аумақтық департаменттері, Әділет министрлігі және Астана қаласы мен Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне сынамалы тәртіпте енгізілді.
Ол ай сайынғы жалақыны есептеуге және бонустық төлемдерге қатысты өзгерістерді қамтиды.
Яғни, белгіленген бөлік – бұл факторлы-балдық шкала негізіндегі қызметшінің кепілді еңбекақысы, ауыспалы бөлігі – бонустар.
Бұл тек лауазымның деңгейін және мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін ескеретін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді» ,- деді Арман Бердалин.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытының ерекшелігі мен қандай тәсілдер арқылы жүргізілетіндігі жөнінде айтып өтті.
Кездесуге қатысқан мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандарып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30