• 190918

    2018 жылғы 19 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 140918

    2018 жылғы 14 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130918

    2018 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 120918

    «Мектепке жол» республикалық акциясы

  • 110918-2

    2018 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 110918-1

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова «Анаға махаббат» атты шығарма және сурет байқауларының жеңімпаздары кездесті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 5 наурызда, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы» К.Қ.Қанатбаев– Ветеринария басқармасының басшысы хабарлады.
ҚР АШМ облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының келісімімен ветеринария басқармасы басшысы бұйрығымен бекітілген жоспар негізінде ауыл шаруашылығы малдары сібір жарасына, листериозға, пастереллезге, мүйізді ірі қараның қарасанына, қой-ешкілердің күліне, эктимасына, түйе обасына қарсы, туберкулезге аллергиялық зерттеу жүргізіліп, иттер мен мысықтарға эхинококкозға қарсы дәрі берілді.
РМК «Республикалық ветеринариялық лаборатория» Ақтөбе филиалымен қан сынамалары және жануарлармен құстардан инфекциялық, паразитарлық ауруларға алынған биологиялық материалдарды диагностикалық зерттеу жүргізеді.
Мұндай бруцеллез, туберкулез сияқты созылмалы жұқпалы ауруларға, эпизоотияға қарсы іс-шаралар, жануарлар ауруларының алдын алуға және адамдарға жұғуын болдырмау мақсатында бағытталған.
2017 жылы бруцеллезге 573 544 бас ірі қара тексерілді, оның ішінде оң нәтиже бергені 3639 бас, жұқтыру пайызы – 0,6 %. Ұсақ қара малдарынан 1 418 737 бас тексерілді, оның ішінде оң нәтиже бергені 1714 бас, жұқтыру - 0,1%.
Облыс бойынша жануарларды есепке алу жүйесі жургізіледі, яғни ауыл-шаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары. Бірдейлендіру, мал өнімдерімен шикізаттарының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін және мал тасымалын бақылаудағы негізі болып табылады. Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жоспарға сай жүргізілуде. Барлық бірдейлендірілген мал басы компьютерлік базаға енгізілді.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық анықтамаларды Біріңғай Автоматтандырылған Басқару Жүйесі арқылы беру қолға алынып, барлық үлгідегі ветеринариялық анықтама міндетті түрде электронды нұсқада берілуде.
Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізу арқылы облыс және аудандар аумағында тірі малдар мен ет тұшаларының ілеспе құжаттары тексерілді. Оның нәтижесінде 28 тұлғаға айыппұл салынды.
2017 жылдың жағдайы бойынша Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 79 арнайы мал сою орындары рәсімделген (5 ет өңдеу кәсіпорындары, 18 мал сою пункттері, 56 мал сою алаңдары).
Жыл басынан мал сою орындарында 34 373 бас ірі қара, 24 823 бас қой-ешкі, 5 757 бас жылқы, 292 бас түйе 70 687 бас шошқа сойылып, яғни ветеринариялық -санитариялық сараптамадан өтті.
Жоспардан тыс өзге нысанда 72 өндіріс объектілерімен сақтау қоймаларына тексеру жүргізіліп 30 заңды тұлғаларға және 42 жеке кәсіпкерлерге ветеринариялық-санитариялық қорытындыберілді.
Қорыта келгенде, атқарылып жатқан ветеринарлық бақылау және қадағалау шараларының барысында облыстағы ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Аталған мәселе бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясы басшысы Т.С.Нұртазин қосымша хабарлама жасады.
Мемлекет тарапынан мал ауруларының алдын-алу және диагностика жасау мақсатында жасалған ветеринариялық іс-шаралар жоспарын орындау үшін жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінеді.
Ағымдағы жылы эпизотияға қарсы іс-шараларды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстық бюджетке 696,0 млн теңге қаражат бөлінді.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің орталықтандырылған қоймасынан келіп түскен ветеринаринариялық дәрі-дәрмектерді уақытша сақтау үшін Ақтөбе қаласында Франко-склад орналасқан.
Аталмыш қоймадан Ауыл шаруашылық Министрлігінің разнорядкісі бойынша ветеринариялық дәрі-дәрмектер төрт облысқа таратылады, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарына.
Ветеринариялық алдын-алу және диагностикалық зерттеу жұмыстары толығымен 100%-ға орындалды.
Ақтөбе облысы аумағында халықаралық стандарттарға сай бір типті модульді алты ветеринариялық зертханалар салынды: біреуі Ақтөбе қаласында облыстық ветеринариялық зертхана және бесеуі аудандық ветеринариялық зертханалар.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтары тіркелген жағдайда оларды жоюмен РМК «Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың» Ақтөбе филиалы айналысады.
Облыс бойынша 13 ветеринариялық станция аудандарда, және 137 ветеринариялық пункттер ауылдық округтерде құрылды.
Облыс бойынша 171 мал қорымы бар, оның – 43-і типтік жобада салынған, 128-і қарапайым. Өткен жылы жергілікті бюджеттен Қарғалы ауданында 6 мал қорымының құрылысына 6 494,0 мың теңге, Қобда ауданында 1 мал қорымының құрылысына 3 млн.теңге бөлінді.
Тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілердің қауіпсіздігі бөлімінің мамандарымен, үшінші мемлекеттен келетін бақылаудағы импорт экспорт жүктерді ветеринариялық-санитарлық бақылаудан өткізеді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылаудағы импортталған жүктерден зертханаға жіберу үшін сынамалар алынады. 2017 жылы 296 сынама алынды. Астана қаласындағы ұлттық референттік орталыққа жоспарға сәйкес 871 сынама қой, сиыр, жылқы және құс еті алынып жіберілді.
Ақтөбе қаласы және аудандардың мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторларымен облыс бойынша 191 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 12 нұсқама беріліп, 178 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 4 тұлғаға ескерту, 174 тұлғаға 4 946 420 теңге көлемінде айыппұл салынған.
«Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н. Б. Аққұл хабарлама жасады. Шешімге өзгерістер 2017 жылдың 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінің қабылдануы негізінде енгізіледі.
Төлемақы мөлшерлері базалық ставкалар негізінде өзен бассейндері және экономика салалары бойынша Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің жыл сайын жариялайтын, жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып есептеледі. Ақтөбе облысының статистика департаментінің мәліметінше 2016 жылдың инфляциясының ресми деңгейіндегі индексі бүгінгі күнде; индекс – 106,4%, (инфляция – 6,4%) құрайды.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.