• 160118

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру жөнінде облыстық мәслихаттың депутаттарымен кеңес С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен2018 жылғы 15 қаңтарда өтті

  • 100118

    Облыстық мәслихаттың депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесу облыстық мәслихатта 2018 жылғы 10 қаңтарда өтті

  • 030118

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуі өтті

  • 291217

    Облыстық мәслихаттың депутаттары Аяз Атамен бірге кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, ізгі тілекпен балаларды келе жатқан 2018 Жаңа жылмен құттықтап, барлығына тәтті сыйлықтар табыс етті

  • 251217

    2017 жылғы 22 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша тұрғындарды қабылдады

  • 15 сессия

    2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, оның орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасап, 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері туралы айтты.


Табыстар: 2018 жылы - 136,6 млрд. теңгені (2019 жылы - 120,3 млрд. теңге, 2020 жылы - 112,5 млрд. теңге) құрайды, оның ішінде:
- меншікті кірістер - 39,6 млрд. теңге (2019 ж. - 40,6 млрд. теңге, 2020 жылы - 41,9 млрд. теңге).
Сонымен қатар, салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру арқылы бюджеттің кіріс бөлігін нығайту бойынша жұмыс алдағы жылы жалғастырылады.
- трансферттердің түсімдері бойынша - 97 млрд. теңге;
Шығыстар 2018 жылы - 136,6 млрд. теңгені (2019 ж. - 120,4 млрд. теңге, 2020 жылы - 113,1 млрд.теңгені) құрайды. Тұтастай алғанда, қалыптастырылған бюджет әлеуметтік сипатқа ие, бұл жалпы бюджет шығыстарының 50%.
Шығыстар 28 бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінген. Барлық әкімшілер бойынша жалақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерді төлеу және басқа да тұрақты сипаттағы шығындарды төлеу толық көлемде қамтамасыз етілді.
Бұл жоба әлеуметтік саласындағы барлық қабылданған міндеттемелер мен бастамаларды сақтауды, сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алға қойылған міндеттерді шешуді жалғастыруды қамтамасыз етеді.

Депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, бюджет шығыстарының негізгі бағыттары:
- білім басқармасына 18,9 млрд. теңге қарастырылған (колледждерде мамандарды даярлауға 7,5 млрд. теңге, 31 білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 2,4 млрд. теңге, балабақшаларда 17,1 мың орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 3584,0 млн. теңге, облыстағы 15 мектепті жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға 1998,8 млн. теңге, интерактивтік білім контентіне қол жетімділікті қамтамасыз етуге , мектептерді қауіпсіз интернетпен қамтамасыз етуге, интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етуге 533,5 млн. теңге және білім беру объектілерін күрделі жөндеуге (барлығы 34 жоба) 1238,9 млн. теңге, білім беру ұйымдарының 2,0 мың бірлік компьютерлік техникаларын жаңарту үшін 325,6 млн. теңге, мемлекеттік білім беру бағдарламасына және т. б. сәйкес 3,6,8,10 сыныптардың оқулықтарын жаңарту үшін 510 млн. теңге);
-7,7 млрд. теңге Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық жарақтандыруға;
7,5 млрд. теңге ауыл шаруашылығы басқармасына, оның ішінде 5,7 млрд. теңге мал шаруашылығы саласын субсидиялауға және 1,4 млрд. теңге өсімдік өсіру саласына;
- 9,9 млрд. теңге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу және әлеуметтік маңызы бар «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» темір жол бағытын субсидиялауға;
- 4,9 млрд. теңге дене шынықтыру және спорт басқармасына,
- 3,2 млрд. теңге денсаулық сақтау басқармасына, оның ішінде 2,0 млрд. теңге денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға,
- 1,96 млрд. теңге кәсіпкерлік басқармасына, оның ішінде 1,5 млрд. теңге «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға,
- 1,9 млрд. теңге жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына.
Депутаттардың сұрақтарына жауаптар алынды. Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың Жұмыс тобының мүшесі, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпайызова.

Одан әрі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов, «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша хабарлама жасады. Басқарма басшысы облыс бюджетіне өзгерістер енгізудің қажеттілігіне тоқталды.
Аталған мәселе бойынша №19 Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманова қорытынды жасады.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов, бұған дейін тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысында қаралып және депутаттармен мақұлданған, «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша хабарлама жасады.
Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Серғазыұлы Итеғұлов қорытынды жасады.

Облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиялары ағымдағы жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Есепті кезеңде 41 отырыс өткізіліп, комиссия төрағалары отырыстарда қаралған мәселелер (71) туралы, сайлаушылармен жұмыстар, мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстар мен сауалдар және т.б. туралы хабардар етті.

Келесі «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша басқарма басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасап, Бағдарламаның жаңа редакциясын бекітуге ұсынды. Жобада өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ескере отырып, 95 нысаналы индикаторлар қарастырылған, (қолданыстағы бағдарламаның нысаналы индикаторлары – 90 ).
Келесідей жаңа индикаторлар енгізіледі:
1. өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорттың құндық көлемін өзгерту,
2. шағын және орта кәсіпкерлік үлесі,
3. өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі,
4. есірткі өткізумен байланысты не өткізу мақсатында, есірткі қылмысының жалпы санынан анықталған үлесі,
5. мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету).

Сессияның қарауына «Ақтөбе облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» мәселе облыс әкімдігімен енгізілді. О.М.Смағұлов өзінің хабарламасында, сессияның бекітуіне 151 жоба ұсынылғанын айтты.
Жобалар Ақтөбе қаласында офтальмологиялық аурухана, жедел медициналық жәрдем станциясы, балалар стоматологиялық емханасы, позитрондық-эмиссиялық томографического орталығы, мұз айдыны сарайы, теннис корты және облыста көптеген басқа да нысандарды салу және пайдалануға қатысты.
№3 Гогол сайлау округінен Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов қорытынды жасады.

Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев хабарлама жасады.

«Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы Нұрғалиев хабарлама жасады.
Депутаттар облыс әкімдігі ұсынған кандидатураларды бекітті.

Сондай-ақ сессияда «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы», «№28 Қобда сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы», «Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 3 сәуірдегі №210 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы», «Облыстық мәслихат аппаратының құрылымы және штат кестесі, қызмет автомашиналарының лимиті туралы» мәселелер қаралып, сондай-ақ ведомствоаралық сипаттағы комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізілді.
№7 Зауыт сайлау округінен депутат Тәттігүл Жақсыбайқызы Талаева депутаттық сауалын жария етті.
Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында депутаттар 24 мәселе қарап, тиісті шешімдер қабылдады.