• 230418

    Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шараны өткізу және оған дайындық бойынша жиналыс өткізілді

  • 200418-3

    "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қадағалау кеңесінің отырысы

  • 200418-2

    Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараны өткізу және оған дайындық бойынша жиналыс өткізілді

  • 200418-1

    "Бақытты бала, мәңгілік ел" жобасы аясында облыстық мәслиxаттың депутаты №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 60 оқушысына арнап мерекелік шара өткізді

  • 180418

    2018 жылғы 18 сәуірде облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды әлеуметтік көмек көрсету, кәсіпкерлік жөнінде, денсаулық жағдайына қатысты және басқа да мәселелер бойынша қабылдады

  • 130418-2

    Дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасының өсуін ұстап тұру жөніндегі Меморандумның сақталуына сәйкес рейдтік іс-шаралар


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 30 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
2018-2020 жылдарға облыстық бюджеттің негізгі параметрлері:


Табыстар: 2018 жылы - 102,1 млрд. теңгені (2019 жылы - 104,5 млрд. теңге, 2020 жылы - 107,0 млрд. теңге) құрайды, оның ішінде:
- меншікті кірістер - 39,6 млрд. теңге (2019 ж. - 40,6 млрд. теңге, 2020 жылы - 41,9 млрд. теңге).
Сонымен қатар, салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру арқылы бюджеттің кіріс бөлігін нығайту бойынша жұмыс алдағы жылы жалғастырылады.
- трансферттердің түсімдері бойынша - 62,5 млрд. теңге;
Шығыстар (нысаналы трансферттерсіз) 2018 жылы - 107,5 млрд. теңгені (2019 ж. - 118,1 млрд. теңге, 2020 жылы - 107,2 млрд.теңгені) құрайды.
Тұтастай алғанда, қалыптастырылған бюджет әлеуметтік сипатқа ие, бұл жалпы бюджет шығыстарының 50%.
Шығыстар 28 бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінген. Барлық әкімшілер бойынша жалақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерді төлеу және басқа да тұрақты сипаттағы шығындарды төлеу толық көлемде қамтамасыз етілді.
Бұл жоба әлеуметтік саласындағы барлық қабылданған міндеттемелер мен бастамаларды сақтауды, сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алға қойылған міндеттерді шешуді жалғастыруды қамтамасыз етеді.

Депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, бюджет шығыстарының негізгі бағыттары:
- білім басқармасына 19,1 млрд. теңге қарастырылған (колледждерде мамандарды даярлау, 31 білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге, балабақшаларда 17,1 мың орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға, интерактивтік білім контентіне қол жетімділікті қамтамасыз етуге, мектептерді қауіпсіз интернетпен қамтамасыз етуге, интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етуге және білім беру объектілерін күрделі жөндеуге (барлығы 34 жоба), білім беру ұйымдарының 2,0 мың бірлік компьютерлік техникаларын жаңарту үшін, мемлекеттік білім беру бағдарламасына және т. б. сәйкес 3,6,8,10 сыныптардың оқулықтарын жаңарту үшін);
-7,7 млрд. теңге Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық жарақтандыруға;
7,5 млрд. теңге ауыл шаруашылығы басқармасына, оның ішінде 5,7 млрд. теңге мал шаруашылығы саласын субсидиялауға және 1,4 млрд. теңге өсімдік өсіру саласына;
- 7,9 млрд. теңге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу және әлеуметтік маңызы бар «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» темір жол бағытын субсидиялауға;
- 4,9 млрд. теңге дене шынықтыру және спорт басқармасына,
- 3,2 млрд. теңге денсаулық сақтау басқармасына, оның ішінде 2,0 млрд. теңге денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға,
- 1,96 млрд. теңге кәсіпкерлік басқармасына, оның ішінде 1,5 млрд. теңге «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға,
- 1,9 млрд. теңге жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына.
Талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары өздерін қызықтырған бірқатар мәселелерді қызу талқылап, ескертулер мен ұсыныстарын айтты және облыс бюджетінің жобасын алдағы сессияның қарауына енгізу туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар басқарма басшысы О.М.Смағұлов, «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша хабарлама жасап, Бағдарламаның жаңа редакциясын бекітуге ұсынды.

Түзету ҚР Премьер-Министрі және Ақтөбе облысының әкімі арасындағы 2017 жылғы 4 қазандағы Меморандумның бекітілуіне, 2016 жылдың қорытындысы бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша облыс әкімдігінің қызметінің тиімділігін бағалау ұсынымдарына, көрсеткіштерді іске асыру және декомпозициялау ұйымдармен ықпалдасу,
сондай-ақ, нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін өзектілендіру қажеттілігі анықталған, жүргізілген талдау қорытындысына негізделген,- деп түсіндірді басқарма басшысы.
Жобада өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ескере отырып, 95 нысаналы индикаторлар қарастырылған, (қолданыстағы бағдарламаның нысаналы индикаторлары – 90 ).
Келесідей жаңа индикаторлар енгізіледі:
1. өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорттың құндық көлемін өзгерту,
2. шағын және орта кәсіпкерлік үлесі,
3. өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі,
4. есірткі өткізумен байланысты не өткізу мақсатында, есірткі қылмысының жалпы санынан анықталған үлесі,
5. мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету).
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі» мәселесі бойынша тұрақты комиссияның төрағасы А.Ю.Ни 2017 жылы жасалған жұмыстар туралы хабардар етті.
Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша талқыланған мәселелерді облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы қаулылар қабылданды.